Жексенбі, 8 Қыркүйек 2024
538 0 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 15:41

Астанада жол жүру тарифі көтеріледі

Сурет: caravan.kz

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі, деп хабарлайды Abai.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, кейінгі 10 жылда

90 теңгеден көтерілмеген автобустағы билет құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артпақ.

“Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылғы қыркүйекте белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылған болатын”, – деп жазды ведомство.

Айта кетейік, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар 2020 жылғы наурыз айынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүрген. Бұдан кейін де солай болады, бірақ мектептің көлік картасы болу керек.

“Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, зейнеткерлер, сонымен қатар жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға жеңілдік жасалады”, – дейді әкімдік.

Abai.kz

0 пікір