Жексенбі, 8 Қыркүйек 2024
46 - сөз 901 1 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 17:33

Бізге әр руға, әр жүзге жеке батыр керек болды

Сурет Қанат Әбілқайырдың желідегі парақшасынан алынды

Қытай жазушысы Үй Хуаның "Тірі жүр" атты романын оқып шықтым. Лао Шэнің "Арбакешін" оқыған кездегідей күйге түстім.

Қай қоғамда болмасын, "кішкентай адамдардың" үні, хақы жоқ қой. Хақысыз, сұраусыз атылған, сотталған, "өлтірілген" жандардың жанайқайын естігеннен, сезінгеннен артық тауқымет бар ма?

Біздің ел ұмытшақтық дертіне шалдыққан. Күні кеше болған оқиғалар санамыздан сызылып кеткен. Әйтпесе, Үй Хуаның "көргендерін" біздің де әке-аталарымыз бастан кешті, біз де соған ұқсас өмірдің шет жағасын көрдік. Бірақ, "жазғызбасымыз" жаздырмады.

Бізге әр руға, әр жүзге жеке батыр керек болды. Соларды түгендейміз деп жүріп, шындықтан теріс айналыппыз!

Солай емес пе?

Қанат Әбілқайырдың жазбасы

Abai.kz

1 пікір