Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2923 0 пікір 17 Қаңтар, 2014 сағат 06:30

Асан Қайқы. Міне, саған керек болса, кедендік одақ!

Қазақ кәсіпкерлері Елбасымен кездескен сайын кедендік одақтың кері тұстарын жиі айтып жүр. Қазір олар БАҚ қызметін пайдаланып КО-дан көріп бастаған қиыншылықтары туралы ашық айтуда. Астанада баспасөз өкілдеріне арнап брифинг өткізген Қазақ кәспкерлері ұлттық палатасы басқарамасының орынбасары Рахым Ошақбаев та әріптестерінің «әттеген-айын» қайталады.

«Бізді нарықтағы қарым-қатынастың қиындығы алаңдатады. Міне, бірнеше жыл болды алкогольді тауарларымызды Ресей мен Беларусь нарығына өткізе алмай жүрміз. Ал, Ресей мен Белоруссияның іспіртті ішімдіктері болса, біздің нарықта еш кедергісіз «жүзіп» жүр. Бұл мәселені Еуразиялық комиссияның назарына бірнеше рет ұсынғанбыз, бірақ істің шешімін табар түрі жоқ», - дейді Ошақбаев мырза.

Кейінгі жылдары елімізде жапондық, кәрейлік автокөліктер құрастырылып, Қазақстандық белгімен шығуда. Сарапшылар мен жекеменшік автокөлік иелерінің айтуына қарағанда, жаман емес. Ең бастысы – ішікі сұранысқа ие болып келеді. Әрі бағасы да ыңғайлы. Қазір сол қазақ көлігінің алдын Ресей шығарған баяғы божбан орыс машиналары кесе көлденеңдеуде. Орыс кәсіпкерлері Қазақстандағы ірі қалаларда орналасқан автосалондарды аузы-мұрынынан шығарып, орыстың өзі картоп тасуға қолай көрмейтін машиналарын тығындап тастаған. Онымен қоймай екінші дәрежелі банк қожайындары мен біздің сатымсақ шенеуніктердің ауздарын майлап, өтімсіз көліктерін несиеге үлестіріп тықпалауда. Сөйтіп отырған Ресей бір таңқаларлығы өз нарығына қазақ автокөліктерін жолатпайды екен. Журналистермен кездесу барысында Ошақбаев осы жайтты айтып шағынды. Ол тұра тұрсын, Ресей соңғы кездері тіпті, халықаралық жол тасымалы (международных дорожных перевозок) процедурасы қабылдаған келісімнен бас тартпақ көрінеді. Бұлай болған жағдайда қазақ кәсіпкерлері Ресей жерінен тауар алып өте алмайды. Міне, саған керек болса, кедендік одақ!

Кедендік одақтың құрамына кірген жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің арасындағы тауар айналымы 40%-ға  бірден өсіп шыға келгені туралы өтірік-шыны аралас әңгімеге құлақ түріп едік. Соңғы кездері Қазақстан мен Ресей 24 млрд доллар көлемінде сауда-саттық жасасқаны жөнінде сөз болуда. Енді қараңыз, орыс пен белорыс қазақтан барған малдың етін жемейді, алмайды, ысырып, теуіп тастайды. Есесіне бізгееуропалықтар мысыққа беретін кәрі сиырлардың қан-жынын өткізіп жіберіп отыр. Қазақ бақташыларының Ресей мен Белоруссияға қанаша тонна көкөніс, қанша тонна дәнді дақыл сатқаны туралы дерек кездеспейді. Демек, кейінгі 3-4 жылдың шегінде Ресей Қазақстаннан жаңағы 24 миллиард долларды қақшып алған. Басқа қисын жоқ.

Белоруссия болса, ол да қазақтың мұнайы мен газына қол жеткізіп мырғамға батып отыр. Сонда белорыс бізге не береді ғой дейсіз? Ет, қант, әйнек, трактор (онысы арбиған бірдеңе). Бізден не алады? Мұнай, газ, қара және түсті металл, мақта, жүн. Батьканың елімен арадағы сауда-саттық көлемі 2012 жылы 145 миллион доллардан асып кеткен еді.

Есімізде, кедендік одақтың кереметтігіне тамсанған бір сәтінде Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Марченко «алдағы 10 жылда КО елдері ортақ валютаға көшетін болады» деп еді. Марченко айтқан 10 жылдың жартысын еңсеріп тастаппыз. Оған дейін Еуразиялық экономикалық одақ құру және оның құрамына кіру мәселесін де бір жақты етіп үлгеретін  шығармыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371