Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2939 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 05:03

Шахаризат Сейдахметов: «Томпания» финалға шығады деп ешкім ойлаған жоқ»

1-cурет: Шахаризат Сейдахмет

2-сурет: Шахаризаттың оқушы кезі

 

Кеше "Қазақстан" ұлттық арнасында "Қазақстан дауысы" мега жобасы мәреге жетті. Сөйтіп, көрермендер тарапынан ең көп дауыс жинаған Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы" атанып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлады.

Төменде Шахаризатпен болған шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз!

Abai.kz

– Шахаризат, ақтық сынға шыққаның құтты болсын!

– Рахмет! Шынымды айтсам, ақтық әреге дейін жетем деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Осы жобаға келгенде «Бір тәлімгер бұрылып қараса,  соған да қанағат» деп келіп едім. Бағыма қарай тәлімгерлердің үшеуі де бұрылып, Нұрлан Албанның тобына қосылдым. Әр кезең сайын қанағат қылып, ішімнен шүкіршілік айтумен болдым. Негізі, мен ғана емес, «Томпанияның» финалға шығатынын ешкім күтпеген сияқты.

– Неге Нұрлан Албанды таңдадың?

– Тәлімгерлердің ішіндегі менің бағытыма келетін бірден-бір адам сол кісі. Таңдаудан қателескен жоқпын деп ойлаймын. Қалған үш тәлімгердің біреуін таңдасам, ақтық сынға дейін жетпес пе едім?!

1-cурет: Шахаризат Сейдахмет

2-сурет: Шахаризаттың оқушы кезі

 

Кеше "Қазақстан" ұлттық арнасында "Қазақстан дауысы" мега жобасы мәреге жетті. Сөйтіп, көрермендер тарапынан ең көп дауыс жинаған Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы" атанып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлады.

Төменде Шахаризатпен болған шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз!

Abai.kz

– Шахаризат, ақтық сынға шыққаның құтты болсын!

– Рахмет! Шынымды айтсам, ақтық әреге дейін жетем деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Осы жобаға келгенде «Бір тәлімгер бұрылып қараса,  соған да қанағат» деп келіп едім. Бағыма қарай тәлімгерлердің үшеуі де бұрылып, Нұрлан Албанның тобына қосылдым. Әр кезең сайын қанағат қылып, ішімнен шүкіршілік айтумен болдым. Негізі, мен ғана емес, «Томпанияның» финалға шығатынын ешкім күтпеген сияқты.

– Неге Нұрлан Албанды таңдадың?

– Тәлімгерлердің ішіндегі менің бағытыма келетін бірден-бір адам сол кісі. Таңдаудан қателескен жоқпын деп ойлаймын. Қалған үш тәлімгердің біреуін таңдасам, ақтық сынға дейін жетпес пе едім?!

– Финалға шығамын деп ойлаған жоқпын дейсің. Бірақ қазір жеңуді армандап жүрген боларсың?..

– Рас, жеңіске жеткім келеді. Ол менің қомағайлығымнан, қанағатсыздығымнан емес. Бұл жай ғана шығармашылық талпыныс, өзіңнің мүмкіндіктеріңді барынша пайдалану. Ақыры «бастан қан шыққаннан кейін» соңына дейін шабуға тура келіп тұр. «Қазақстан дауысы» деген атауыдан-ақ қазақи рух сезіледі ғой. Көпшіліктің көңілі дәстүрлі әншіге ауып жатса, жеңіске жетуге мүміндігім бар.

– Қарсыластарың жеңіп жатса 5 миллионға анасын Меккеге апаратынын, тағы да басқа жоспарларын айтып жатыр. Сен жоспар жасадың ба?

– Жобаға келгеннен бері аз шығынданған жоқпыз. Әр кезең сайын сахналық киіміміздің ақшасы да өз қалтамыздан шығады. Ол үшін жоба жетекшілеріне еш ренішім жоқ, әрине. Жетістікке жету үшін, хаыққа танылу үшін өзім де қолымнан келгенім бәрін жасауға тиістімін. 5 миллионға ие болып жатсам, бірінші кезекте шығындарымды жабамын. Біраз бөлігін жетім балалар үйіне қайырымдылық мақсатқа жұмсағым келеді. Жетім балалардың ең болмаса бір ай аш-жалаңаш жүрмеуіне жағдай жасай алсам, керемет қой!.. Қалған ақшаны маған продюсер болуды ұсынған азаматтың қолына ұстатар едім.

– Түр-келбетің, табиғатың ауылдың қарапайым қара домалағы екеніңді әйгілеп тұрғандай?..

– Иә, ауылда туып-өскеніміз рас, оны ел естіп жатыр. Толығырақ айтар болсам, мен 1986 жылы бұрынғы Торғай, қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданына қарасты Үрпек деген шағын ауылда тудым. Үйдің тұңғышымын, менен кейін екі інім, бір қарындасым бар. Әкеміз Кеңес одағы құламай тұрған кезде совхозда «К-700» тракторын айдаған озат механизатор. Анамыздың мамандығы есепші. Кейін Тәуелсіздік жылдары совхоздар тоз-тоз болып, техника атаулы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеннен кейін әкеміз басқа мамандықтарға жұмыс істеуге көшті. Осындай қарапайым отбасының перзентімін.

– Музыкалық білімің бар ма?

– 2004 жылы эстетикалық бағыттағы Жаңаорда орта мектебін тәмамдадым. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың дәстүрлі музыкалық өнер факультетін бітірдім. Осы білім ордасында Айгүл Елшібаева, Қанат Жүнісов сынды өнер майталмандарынан тәлім алғанымды мақтан тұтамын, ұстаздарымның еңбегін аузымнан тастамай айтып жүру парызым деп ойлаймын. Өнердің қыр-сырын ғана емес, адами мәдениетті бойыма сіңірген жандар деп есептеймін.

– Қазір ата-анаң қасыңда ма?

– Үйдің үлкені болғансын, ата-анамды жаныма алдым, қазір Астанада бірге тұрып жатырмыз. 

– Сені басқа әншілерден ерекшелейтін қандай қасиетің деп ойлайсың? Көрерменнің көңілін жаулайтын басты «көзірің» не?

– Енді, өзімді басқалардан ерекшемін, артықпын деу ыңғайсыз болар. Меніңше, көрерменге қазақша әндерді жатық шырқайтыным ұнайтын шығар. Басқа қандай ерекшелігім бар екенін айта алмаймын. Жалпы, әлеуметтік желілерде достарым, жанкүйерлерім онша көп емес. Соған қарағанда, маған негізінен қаймағы бұзылмаған қазақы өңірлердің халқы қолдау көрсетіп жатқан сияқты.

– Атақты айтыскер Айбек Қалиевтің әлеуметтік желілерде сені қолдауға шақырғанын көрдік. Айбек ақынмен туыстық байланысың бар ма?

– Айбек ағамен ешқандай туыстық қатынасым жоқ. Ол кісімен 2006 жылдан бері таныспын. Сол таныс-білістігіміз уақыт өте келе ағалы-інілі адамдар сияқты бауырмалдыққа ұласты.

Айбек ағаның маған үлкен қолдау көрсетіп жатқаны рас. Себебі, қазақ эстрадасында біздің өңірден шыққан танымал азаматтардың жоқтығы ол кісінің жанына батады. Бұл Айбек ағаның ғана емес, жерлес азаматтардың біразын алаңдатады деп ойлаймын. «Темірді қызған кезде соқ» деген, осындай сәті түсіп тұрғанда бүкіл елді жұмылдырып жатыр.

– Ақтық сынға шығар алдында Рики Мартиннің репертуарындағы «Аллилуйя» деген әнді айттың. Өзің таңдадың ба, әлде тәлімгеріңнің таңдауы ма?

– «Аллилуйяға» дейін ағылшынша ән айтып көрген емеспін. Жанымды қинап, амалдың жоқтығынан шырқадым. «Қазақстан дауысы» әлемнің көптеген елдерінде бар жоба болғандықтан, әлемдік тілде ән шырқап көргенім дұрыс деп ойладым. «Аллилуйяны»  тәлімгердің нұсқауынсыз, өзім таңдадым. Көрермендердің көп дауыс бергеніне, қазылардың мақтағанына қарағанда, жаман шықпаған сияқты.

– Сұхбатыңа рахмет. «Қазақстан дауысында» шын жүйрік жеңсін дейміз!

– Сіздерге де рахмет!

Сұхбаттасқан - Арай Дәулет

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371