Сенбі, 23 Қараша 2024
1024 0 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 17:31

Қазақстан теннисте тағы бір лицензия алды

Сурет: wimbledon.com

Қазақстан Париж Олимпиадасында теннистен тағы бір лицензия алды. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігі мәлімдеді.

Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады. Ал жарыс 29 шілдеде басталады.

Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик.

Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371