Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3236 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 07:02

Барахолка: Ахметжан Есімов кімдердің атын атамақ болды?

Былтырығы жылдың күзінде Алматы қаласының тұрғындары «қара базар» – «барахолка» атап кеткен ашық сауада орындары қатарынан бірнеше рет отқа оранды.  Ең алғашқы және ең үлкен өрт 2013 жылдың 13 қыркүйегінде «Олжа», «Аян», және «Керемет» көтерме базарларында болды. Үш күн бойы от тулап жанып жатты, бірақ, Құдайға шүкір, адам өлімі болған жоқ.

17 қарашада Алматы барахолкасында екінші рет болған үлкен өрт кезінде үш базар - «Арал», «Құлагер»  және  «Евразия»  жартылай   жанып кетті. Өртті бір тәуліктей сөндірді, тіпті авиация күшін қолдануға тура келді.   . 

26  қараша күні  «Алатау-2» базарындағы спорттық тауарлар сататын бутиктің екі шаршы метрі  күлге айналды.

Былтырығы жылдың күзінде Алматы қаласының тұрғындары «қара базар» – «барахолка» атап кеткен ашық сауада орындары қатарынан бірнеше рет отқа оранды.  Ең алғашқы және ең үлкен өрт 2013 жылдың 13 қыркүйегінде «Олжа», «Аян», және «Керемет» көтерме базарларында болды. Үш күн бойы от тулап жанып жатты, бірақ, Құдайға шүкір, адам өлімі болған жоқ.

17 қарашада Алматы барахолкасында екінші рет болған үлкен өрт кезінде үш базар - «Арал», «Құлагер»  және  «Евразия»  жартылай   жанып кетті. Өртті бір тәуліктей сөндірді, тіпті авиация күшін қолдануға тура келді.   . 

26  қараша күні  «Алатау-2» базарындағы спорттық тауарлар сататын бутиктің екі шаршы метрі  күлге айналды.

Осымен қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Алматыдағы «қара базарларда» қағынған өрт тоқтаған шығар деп ойлап үлгергенімізше, Ахметжан Есімов Астанада ҚР Президенті жанындағы  орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте баспасөз өкілдерімен кездесіп, «барахолкалардың» басында кімдердің тұрағынын жария етемін деп әлдекімдерге доқ көрсетті.  Әкім, әрине, әзірге ешкімнің аты-жөнін айпара еткен жоқ. Алайда, «қара базарды» көшіру оғана аса қиынға соғып жатқаны байқалады. Олай болатын себебі, «қара базардың» сыртында аса ықпалды адамдар тұрған көрінеді. Ratel.kz сайты сол пәрмені күшті адамдардың есімін жария етіп журналисттік зерттеу жүргізіпті. Қараңыз:  

«Шағын кәсіпкерлік субъектісі  «Қарасай БН» ЖШС-і, тіркеу номері 47645-1910, мекен-жайы: Алматы қаласы, Солтүстік айналым көшесі, 7. Құрылтайшысы – Назарбаев Болат  Әбішұлы. Қызмет аясы– сауда –саттық. Жер телімінің ауданы – 23 мың шаршы метрден сәл көп,  кадастрлық нөмірі – 20-314-038-009» деп басталады Ratel.kz сайтының зерттеу мақаласы.

Орта кәсіпкерлік субъектісі «Арал-Кеген» ЖШС-і, тіркеу № 113423-1910, мекен-жайы: Солтүстік айналым, 36. Құрылтайшылардың біреуі – Назарбаева Әнипа Әбішқызы. Екінші құрылтайшы, тақырыпқа орай, бірнеше орта кәсіпкерлік субъектілердің иесі болып табылады (тіркеу номері бізде бар),  ол да жоғарыдағы мекен-жайда орналасқан және оның да  жер телімдері  бар  (кадастрлық номері бізде бар), алайда олар сауда-саттықпен емес,  металлургиялық өндіріс және пайдалы қазбаларды өндіруге мамандандырылған. Сонымен қатар,  осындай тағы екі кәсіпкерлік субъектілері – «Аль-Фараби трейд» ЖШС-і, Солтүстік айналым, 7 мекен-жайы бойынша тіркелімде тұрған, тіркеу №65310-1910, және «Кенжехан» ЖШС-і,  Солтүстік айналым, 36, мекен-жайы бойынша тіркелімде, тіркеу № 46034-1910, сәйкесінше біреуінің ортақтас иеленушісі, екіншісінің иесі жоғарыда аталған Әнипа Әбішқызы Назарбаева. Аталған ЖШС-тер сауда-делдалдық қызмет атқарады. Ол да түсінікті-ау, Алматының Солтүстік  айналымында қандай жер асты қазба байлықтары болуы мүмкін? Металлургиямен де айналысатындай ештеңе жоқ.

Ал сауда алаңдарына келсек, әңгіме басқа: әрқайсысы 10-12 мың шаршы метр болатын жер телімдерінің асты да алтын, үсті де алтын десек қателеспеспіз.

Айтпақшы, Солтүстік айналымдағы жерлерді базарларға жалға беріп отырғандар тек президенттік фамилия өкілдерімен шектелмейді. Арасында басқа да бақытты жандар бар.

            Мысалы, «Са-Бек» ЖШС-і (тіркеу №16097-1910)  және «ТКМ» ЖШС-і (тіркеу №42756-1910) жалпы ауданы 70  мың шаршы метрден асатын екі жер теліміне ие ( бұл жер телімдерінің кадастрлық номірлері Ratel.kz  сайтында бар).  Аталған екі серіктестің ортақ иелері – немерелес ағайын Талғат және Мұратбек Ермегияевтер.

            Осы  материалда аталып кеткен тұлғалардың кім екенін қазақстандықтар жақсы білетін болса, Ермегияев мырзалар жайлы білмейтін халайыққа азды-көпті мағлұмат берген жөн болар.  Олар да белгілі қазақстандық фамилия иегерінің үрім-бұтақтары. Амангелді Ермегияев – «Алматықұрылыс» құрылыс холдингінің басшысы, «Отан» партиясының төрағасы (2002 ж.) жәнетөраға орынбасары (2004 ж.), біреуінің әкесі, біреуінің – көкесі. Мүмкін содан болар, Талғат Амангелдіұлы Ермегияевтің мемлекеттік қызметтегі мансабының жұлдызы оңынан туып жүр. Алғашқыда ол туризм және спорт вице-министрі болды (2008 ж.), кейін сол ведомстваның министріне дейін жоғарлады (2011 ж.), агенттікке айналған министрлігін тағы да басқарды. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы АҚ-ның басқарма төрағасы.

Тәптіштей берсек, Солтүстік айналымда орналасқан Алматы базарларының иелерінің ішінде Мәсімов, Сапарбаев, Өзбекғалиев, Цхай... деген фамилиялар кездеседі. Белгілі кісілердің аты-жөнімен аттас келетін адамдар көп екен-ау.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов есте қаларлық сол брифингтен Алматы базарларының шын иелерінің қайсысына өзінің үшбу сәлемін жолдағанын құмалақ ашып білуге құмар емеспіз. Мүмкін, нақты біреуге қаһарын төкті ме екен. Әлде барлығына да қатысты айтқаны ма? Мүмкін, ел-жұртты аузына қарату үшін айтыла салған жай ғана жеңіл-желпі сөз бе екен. Оны біз біле алмаймыз.  Біз үшін мәселенің қойылуы маңызды.      

Базардағы саудагерлердің қарсылық көрсетуі азайды. Базарларда өрт шығудың себептерінің бірі ретінде діни экстремистердің әлеуметтік шиеліністі қоздыру мақсатында әдейі жасалған ісі деген ешқандай негізі жоқ алып-қашпа қаңқу сөздер таратылды.

Содан кейін жуық арада жойылатын қала базарларының саудагерлері мен қызметкерлері, сарапшылардың есептеуі бойынша олар 16 мыңдай адам, жұмыссыз қалмайды деп хабарланды. Олар Алматының шығыс жақтағы кіре берісінде асығыс салынып жатқан «Семиречье» сауда-логистикалық кешеніне орналастырылады деген уәде берілді.

Алғашқыда тілі ащылар ол кешеннің иесі Ахметжан Есімовтың күйеу баласы, 2013 жылы №14 санымен Forbes Kazakhstan журналы бойынша бай қазақстандықтардың тізіміне енген, 480 миллион АҚШ доллары болатын байлығы бар, бірнеше банктердің қожайыны Ғалымжан Есенов деп айтып жүрді. Сөйтсек,бұл жерде де біраз басы ашылмаған   нәрселер бар екен. Ratel.kz  сайты мәселенің басқа ұшының қайда апаратынын тауыпты. «Семиречье» сауда – логистикалық кешені Алматы қаласына берілген  жер телімдерінде салынып жатқанымен, шартты түрде әлі де Алматы облысына қарайды. Ол жер телімдеріне Халық банкінің шектелімі қойылған. Осы уақытқа дейін Алматы облысының билігі бұл аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермей келген болатын. Алайда, базарда контейнерлер орналастырылуда, кей жерлерде сауда жүріп жатыр, құрылыс фермалары мен тіреулер қойылуда. Солтүстік айналымда орналасқан Алматы базарларындағы бірнеше өрттерден кейін мұндағы жер телімдерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүре бастағаны кездейсоқ емес сияқты. Бұл жер телімдерінің иесі – «Статус Conctruction» ЖШС –і. Оның құрылтайшылары жайлы ақпаратты табу бізге өте қиын болды, дегенмен оладың да аты –жөні бізге мәлім болып шықты.

Бұл ЖШС-нің құрылтайшыларының тізімінде бірінші болып Forbes Kazakhstan журналының пікірі бойынша, Қазақстанның елу ең бай адамдарының ішінде 2012 жылы 20-орынды, 2013 жылы 25- орынды иеленген Нұржан Бекшенов тұр. Оның байлығы 290 миллион АҚШ доллары көлемінде бағаланған. Ол  «Позитив» инвестициялық тобының қожайыны. «Статус Conctruction» ЖШС- нің құрылтайшысы болып тұрған екінші тұлға – Нұржан Бекшеновтің қазіргі бизнес серіктесі, «Позитив» инвесттобының бас директоры, бұрынырақ Қазақстан ІІМ-нің бірінші вице-министрі болған, полиция генерал-лейтенанты Василий Симачев. Үшінші құрылтайшы – Михаил Каплинский, кеден органдарының жоғары лауазымды бұрынға офицері, кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымовтың кезінде шетел өкілдіктерінің жүктерін рәсімдейтін Алматыдағы «Атакент» кеденін басқарған. Төртінші құрылтайшы – Владимир Фисенко жайлы көп біле бермейміз: ол да құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері.

Жаңа «Семиречье» сауда-логистикалық кешенінің бас директоры да белгілі адам – Алматы облысы жол полициясының бұрынғы бастығы, отставкідегі ІІМ – нің полковнигі Петр Немилостев.

 Міне, жоғарыда аттары аталған адамдар біз сілтемесін көрсетіп отырған сайттың жазуынша, «қара базарлардың» қожайындары болып табылады екен. «Қара базарды» жаңа орынға көшіруді көздеп жүрген Есімов оларды «аттарыңды атаймын» деп қорқытқан болды. Алайда одан не шықты?  Аспан төңкеріліп жерге түскен жоқ қой. Біз де Алматы әкімінің уәдесін күтпей-ақ ауыс-түйістің өзегінде жүргендердің аты-жөнің жариялап жібердік. Әлбетте, құлақтарына алтын сырға, елімізде ең маңызды шешім қабылдайтындарға қарата жазған сөзіміз ғой бұл. Әлде олардың да санасын ақша билеп алды ма екен? – деп қортындылайды журналист Геннадий Бендицикийдің зерттеу мақаласын Ratel.kz сайты

Дереккөзі - Ratel.kz сайты

Мақалаға қысқаша шолу жасаған Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371