Дзюдо жеребесі: Біздің дзюдошылар үшін ауыр...
Дзюдодан Олимпиада жеребесі шықты. Жеребе біздің дзюдошылар үшін ауыр...
Абиба қиындау топқа түсті. Алғашқы қарсыласы тәжірибелі Израиль қызы Шира Ришони. Одан өтсе Тайпей және Колумбия дзюдошылардың қай жеңгенімен күреседі. Тайпей дзюдошысы Абиба үшін ыңғайсыз қарсылас. Абиба оны әлі жеңе алмай жүр. 2 рет жеңілген.
Ширек финалға жетсе Николич және испандық Мартинез Абеленданың біреуі күтіп тұрады. Екеуі де Абиба үшін қиын.
Екінші жағынан моңғол қызы жартылай финалға ойланбай жету керек. Абиба жартылай финалға шықса моңғол қызы күтіп тұрады.
63 кг
Эсмигул Куюлованың алғашқы қарсыласы Аустрия дзюдошысы Любьяна Пёвесана. Одан өтсе Аустралия мықтысы Хашер күтіп тұрады.
+78кг
Камила Берліқаштың алғашқы қарсыласы моңғол қызы Амарсайхан Адьясүрэн. Одан өтсе Түркия мықтысы Өздемир күтіп алады.
60 кг
Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы Нидерланд дзюдошысы Торнике Чкадука. Одан өтсе өзбек және украина дзюдошысының бірі күтіп тұрады. Ширек финалға жетсе Тайпей мықтысы Янг Юн Вэй бар.
Нагаяма, Гарригос сияқты мықтылармен жартылай финалда жолығады.
66 кг
Ғұсман Қырғызбаевтың алғашқы қарсыласы испандық Гарсия Торне.
73 кг
Данияр Шамшаев бірден мықтыға тап болды. Қарсыласы өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошев
81 кг
Абылайхан Жұбаназарда мықтылардың тобына түсті. Алғашқы қарсыласы Венгр дзюдошысы Атилла Унгвари. Одан өтсе Маттияс Кассе тұр.
-100 кг
Нұрлыхан Шарқанның алғашқы қарсыласы Бельгия мықтысы Тома Никифоров.
Анық Көкенайұлы
Abai.kz