Бидай әкелуге салынған шектеу уақыты ұзартылды
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында бидай әкелуге салынған шектеу мәселесі қарастырылды. Биылғы жылдың 8 қаңтарында Қазақстанға барлық көлік түрімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды.
Сонымен қатар Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға алты айға ұзартылды.
"Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы алты айға ұзарту туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.
Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазіргі таңда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.
Abai.kz