Мамыр айынан бері 17 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылған
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тұрғын үй кезегінде тұрған 650 мың адамның 17 мыңы үй алу кезегінен шығарылғанын хабарлады, деп хабарлайды Abai.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның ішінде 255 140-ы - әлеуметтік осал топтар. Тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың тізімдерін жыл сайынғы тексеру Қазақстанда шамамен 300 мың адамның тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Яғни, талаптарға сай келмейтін, тұрғын үйі бар немесе заң бойынша тұрғын үйге үміткер болуға құқығы жоқ адамдар туралы айтылып отыр", - делінген хабарламада.
Кезекте тұрғандар арасында сәйкессіздіктер келесі негіздер бойынша анықталған:
- Кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкінің болуы;
- Кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
- Әлеуметтік мәртебенің сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар және т.б.);
- Мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі (ekyzmet АЖ-де болмауы).
Abai.kz