Министр Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына қатысты пікір білдірді
Экология министрі Ерлан Нысанбаев өнертапқыш Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
«Әлемдегі ауа-райы болжамымен айналысатын ғалымдар мен мекемелер иондау тәсілін зерттеген. Олардың қорытындысы бойынша, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты дәлелі жоқ тәсіл. Бұған көп сене беруге болмайды», - деді ол.
Оның айутынша, жақында еліміздің оңтүстік аймақтарына тоқтаусыз жауған жаңбыр болатынын синоптиктер алдын-ала болжаған.
Сурет: kartinki.pics
Abai.kz