Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Тамыр 1203 0 пікір 30 Шілде, 2024 сағат 16:44

Көкпарға дайындық қызу жүріп жатыр

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқанын хабарлады. 

Құраманың басты қарсыластары – Қырғызстан және Өзбекстанның командалары.

Бас бапкер Ақылбай Манкеевтің айтуынша, осы оқу-жаттығу жиыны аясында қыркүйекте өтетін ойындарға қатысатын 40 жылқының ішінен мықтылары іріктеліп алынады.

"Екі айдан бері V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді дайындалып жатырмыз. Еліміздің намысын абыроймен қорғаймыз деп үміттенеміз. Осындай маңызды спорттық жарыстың елімізде өтіп жатқаны бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірінші оқу-жаттығу жиынында өзіміздің күш-қайратымызға баса мән берсек, енді жылқыларды дайындап жатырмыз", – деді көкпардан ұлттық құрама мүшесі Әділет Мамыт.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 670
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2633
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1691