Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1409 0 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 17:44

Қазақстанға Жозеп Боррел келді

Сурет: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелмен келіссөздер жүргізді.

«Жозеп Боррелл мырзаның бүгінгі сапарына ерекше мән береміз, алғаш 2022 жылы Астанаға сапармен келген еді. Өзім былтыр мамырда Брюссельде болдым. Бүгінгі кездесу біздің төртінші толыққанды басқосуымыз. Екі жақты байланыс Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір көрсеткіші екенін толық сеніммен айта аламыз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуроодақ өзара сенімге, сыйластық пен ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастарды бірізді дамытуда», - деді Мұрат Нұртілеу кездесуді қорытындылай келе БАҚ өкілдері алдында.

Сондай-ақ, министр Еуроодақ өкілімен келіссөздің ашық әрі конструктивті сипатта өткенін айтты.

«Біздің мақсат – Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру жолдарын қарастырып, өзара тиімді шешімдер қабылдау. Қол жеткізген уағдаластықтар жан-жақты байланыстарымызды одан әрі тереңдетуге жаңа леп береріне сенімдімін», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанаға Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның Вице-президенті Жозеп Боррелл ресми сапармен келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371