Сенбі, 23 Қараша 2024
816 1 пікір 5 Тамыз, 2024 сағат 15:13

Қостанай: Сібір жарасы табылып, карантин жарияланды

Сурет: bishkek.gov.kg

Қостанай облысындағы Приречное ауылында ірі қарадан сібір жарасы табылып, карантин жарияланды. Бұл туралы Азаттық жазды.

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаевтың айтуынша, сібір жарасы ауылдағы шаруа қожалықтарының бірінде анықталған.

"2 тамызда карантин жарияланды, ауылға кіруге шектеу қойылды. Қожалықта "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" карантин бойынша жұмыс істеп жатыр. Сібір жарасы 13 бас малдан анықталды. Адамдарға жұқпады, оларға қауіп төніп тұрған жоқ, кейінгі күндері өлген мал жоқ" , -деді ол Азаттыққа.

Иманбаевтың сөзінше, ауылда мал өлімі болмаса, карантин 15 күнге созылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371