Сейсенбі, 26 Қараша 2024
806 0 пікір 30 Шілде, 2024 сағат 15:26

Референдум: Әрбір азаматтың таңдауы – біртұтас елдің таңдауы!

Коллаж: Abai.kz

Референдум - еліміздегі ең өзекті деген мәселелерді бүкіл халық болып шешу. Бұл   мемлекетіміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдумда әрбір қазақстандықтың, елім дейтін әрбір азаматтың таңдауы –біртұтас елдің таңдауына айналды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да ел үшін маңызды АЭС салу мәселесі де референдум арқылы талқыға түсетінін мәлімдеді. Референдум бізге керек пе? Маңызды шешім қабылдауда референдумның рөлі қандай? Аbai.kz тілшісі осы сауалдарды еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтардан сұрап білді.

Халықтың ойы мен пікірі маңызды!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Мұхит Тұрғараев, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы:

«Референдум- ең алдымен халықтың пікірімен санасу, ойы мен шешіміне құрметпен қарау», - дейді Мұхит Тұрғараев.

Ол :« Еліміз алғашқы референдумды жақсы қабылдаған болатын. Конституцияға өзгеріс енгізу керек пе? деген сауал туындағанда, бүкіл ел өзіндік пікірін білдірді. Қазір өздеріңіз білесіздер билік пен халықтың арасында байланыс пайда болды. Халықтың көзі ашық, көкірегі ояу деп айта аламын. Бір жағынан билікке деген сенім пайда болды. Бүгінде халық тарапынан туындаған қандай да бір мәселе болса, дер кезінде әлеуметтік желі арқылы, болмаса БАҚ арқылы көтеріліп жатыр. Құзырлы органдар сол мәселеге бірден назар аударып, шешімін табуға жан-жақты атсалысуда. Міне осындай мәселелер көз алдымызда орын алып, оның шешімі дер кезінде  табылуда. Референдум еліміз үшін маңызды қадам. Осы күзде АЭС салу мәселесіне қатысты референдум өтетінін Президентіміз атап өтті. Әрине бұл мәселе де өз кезегінде қызу талқыланып жатыр. Мамандар әлі де оның маңызы туралы айта жатар. Дегенмен болашағымыз үшін дұрыс шешім қабылданады деп сенемін. Референдум бізге керек пе? деген сауалыңызға әрине керек деп айтар едім. Себебі  билік тарапынан қабылданатын маңызды да өзекті  мәселелер халықпен бірге шешілуі керек. Билік халықтың пікірімен, ойымен, көзқарасымен, ұстанымымен санасу керек. Өздеріңіз білесіздер қазір елімізде маңызды стратегиялық жобалар біртіндеп жүзеге асырылуда. Қай сала болмасын өзгеріс, алға қарай жылжу бар. Әділет департаменті жайлы айта кететін болсам, қазіргі таңда департамент халықпен тығыз жұмыс істейді. Біз халықтың құқықтық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер жиі өткіземіз. Одан бөлек, әр  аудандық филиалдар тұрғындармен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары қолға алынды.  Бұл да өз кезегінде халықпен тығыз қарым қатынас орнатудың бір  жолы. Біз халықпен кездескен сайын әрбір кездесудің маңызды екенін  түсіндік. Өйткені жиі кездесу, етене араласу арқылы халықтың санасына әсер ете аламыз. Референдумның маңызды шешім  қабылдауда рөлі қандай деген сауалыңызға,  маңызы зор дер едім. Өйткені әрбір шешім ол ел игілігіне бағытталуы керек. Билік пен халықтың арасы жақын болған кезде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі халық өз билігіне сенім артуы керек. Ал билік халықтың әл ауқатын жақсарту үшін барын салуы керек.

Өздеріңіз білесіздер Алматы облысына АЭС салу ісі бойынша жұрттың пікірі екіге бөлініп отыр. Бір топ бұл дұрыс шешім екенін, Үлкен ауылында жаңа жұмыс орындары ашылып, елді мекенде тіршілік пайда болып, еліміз үшін аса қажетті электр энергиясын алудың ең тиімді жолы АЭС екенін айтуда. Әсіресе осы саланың мамандары мен ғалымдары АЭС Қазақстан үшін ең дұрыс нұсқа, ұтымдылығы да жоғары деп отыр. Ал екінші топ АЭС-тің қоршаған ортаға, ауа мен көлге зиянын айтып, қауіпсіздік жағынан зиян екендігін ескертіп жатыр. Халық үшін қауіптілігі жоғары деп топшылап жатқандар да баршылық. Алайда осы  екі тараптың да пікірін ескеруіміз керек. Референдум өткізу осы үшін де маңызды. Айтылған уәждердің барлығы ескеріліп, ой елегінен өтуі керек. Бұл тек біздің еліміз үшін ғана емес, жаһандық жауапкершілік дер едім. Өйткені оған жан -жақтан көз тігіп отырған, өздерінің ұсынысын білдіріп отырған алпауыт елдерді де ескеруіміз керек. Қорыта келсек, референдум арқылы орын алған өзгерістердің барлығы еліміз үшін, еліміздің ертеңі  үшін ең маңызды шешімдердің қабылдануы. Қазіргі таңда елімізде ертеңімізге алаңдайтын азаматтық қоғам қалыптасты, алдағы уақытта референдум еліміз үшін жаңа  бастама боларына сенімдімін», - деді.

Референдум ел үшін маңызды шешім!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Қуандық Қасымов, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі:

Өнер иесі Қуандық Қасымов, «Елмізде ең алғаш рет өткен референдумды еске алды. Ол: «Ең алғашқы рет Қазақстанда жалпыхалықтық референдум 1995 жылы өткен болатын. Оны көпшілік жақсы біледі.  Ал одан кейін референдум 2022 жылы маусымда өтті. Осы жерде  «референдум өткізудің қажеттілігі бар ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Әуел бастан  референдумның не екенін түсініп алайық. Референдум  жеке адамның емес, мемлекетті құрайтын қалың халықтың пікірін айқындайтын амал екенін  түсінгеніміз жөн. Сондықтан еліміздің әрбір азаматтарының көзқарасы арқылы қалыптасатын жаңа саяси қадамдарды атай аламыз. Өздеріңіз білесіздер, сол кезде Мемлекет басшысының ұсынысы халық тарапынан қолдау тапты. Осылай халықтың мемлекетті басқаруға қатысып, өзіндік үн қосып, дауыс беру мүмкіндігін арттырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтпек. Демек, халық пен биліктің бір арнада тоғысқанын аңғарамыз.

Халықтың пікірі  саналатын құжатқа қатысты жалпыхалықтық референдум осыған дейін 1995 жылы өткенін жоғарыда айтып өттік. Дегенмен сол кездегі  Конституциямыз әлемдік тәжірибені саралай отырып жазылған болатын. Конституция сол кезден бері еліміздің алға қарай  дамуына жол ашқанын зор мақтанышпен айта аламын. Әрі  біздің Конституциямызда  адамның жеке құқығы мен бостандығы, оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет нысандары олардың қызметі айқындалған болатын. Өнер адамы болсақ та, ел ішіндегі мәселелерге немқұрайлы қарамаймын. Мен үшін еліміздің қабылдап жатқан шешімдері маңызды. Қазір елімізде өнерге деген ыстық ықыластың барын сезінеміз. Бұл бізге алға қарай өнер арнасында сан қырлы туындылар жасауға шабыттандырады. Референдумға қайта оралсақ, ең алдымен рефрендум  бұл ұлт болып, ел болып, еліміз үшін маңызды шешімді қабылдау. Еліміздің ертеңіне алаңдайтын, әрбір қазақстандық референдумның маңызы зор екенін түсінеді деп санаймын. Күзде ең өзекті АЭС салу туралы шешім талқыланып, референдум арқылы шешілмек. Бұл жерде мемлекетіміз халықтың пікірімен санасып, біржақты келісімге келіп, еліміздің болашағы үшін дұрыс қадам басады деп ойлаймын.  Мемлекет басшысының елдік істерді елмен бірге талқыға салуы орынды. Кез келген мемлекетте елдік істер елімен біпге шешімін табуы керек. Сондықтан халықтың санасын оятып, сенімін жігерлендіру үшін референдум керек. Біз осылайша еліміздегі маңызды мәселелерді халықпен бірге талқылау арқылы жоғары дәрежеге жетеміз. Менің  ойымша, билік халықпен әрдайым санасуы керек. Екеуара алшақтыққа  жол берілмеуі тиіс»,-деді.

Референдум - халықтың пікірімен санасу!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Ғани  Бейқұтбай, Алматы облысы Кеген аудандық «Қарқара газетінің» бас редакторы:

Журналист Ғани Бейқұтбай, референдум арқылы халықтың үні естіледі дейді. Ол:«Қазақстан бүгінде бойын тіктеп, әлемдік аренада өзінің дамушы ел екенін көрсетіп келеді. Еліміз барынша экономиканы  көтеруге күш жұмылдырып жатыр. Бағытымыз айқын, болашаққа нық жоспары бар елміз. Референдум арқылы халықтың ойымен, пікірімен санасуын құп көремін. Бүгінде еліміз үшін қабылданатын  маңызды шешімдермен халықты құлағдар етуді дұрыс шешім деп есептеймін.  Бұған дейін өткен референдумда еліміздің Конституциясына өзгеріс енгізу жайында айтылды. Халық та өз таңдауын жасады. Алдағы уақытта АЭС мәселесі халықтың талқылауына  түспек. Бірақ қазір еліміздің әрбір азаматы АЭС салуға қатысты пікірталастың өтіп жатқанынан хабардар деп ойлаймын. Қазір барлық жаңалықтарды қолымыздағы смартфоннан көріп- біліп отырмыз. Бірақ соңғы кездері БАҚ бетерінен де жиі көріп еститініміз осы - АЭС салу мәселесі. Қарсы тараппен қолдау білдіретін тарап екі топқа бөлініп алып, өзара бөлісе алмай отыр. Бірақ тиісті мамандар сараптамалық мақалалар жазып, халыққа қай жағы тиімді екенін көрсететін жоспар ұсынады деген ойдамыз. Мен еліміздің әрбір адамынан референдум сынды бүкіл халық қатысатын оқиғада бірігіп, ел болып өзіндік үн қосса   екен  деймін. Референдум- бұны әр адам әрқалай  түсінуі керек. Дегенмен тереңде жатқан   мағынасына мән бергеніміз жөн.

Референдумды халыққа жан-жақты түсіндіруде БАҚ өкілдерінің рөлі жоғары. Журналист болғандықтан ең алдымен халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат етеміз. Байқағаным, қазір халық биліктің әрбір бастамасынан хабардар. Олар да өзіндік үн қосып, мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге белсене араласқысы келеді.Тіпті жастарымыз да қазір мемлекеттік істерде осал емес. Керіснше, жалынды да дарынды жастардың қатары көбейіп келеді. Олар еліміздің болашағына алаңдайды. Тың әрі озық ойларын елімізде жүзеге асырғысы келеді. Айтпағым, референдум елімізге керек.  Бүкіл халықты бір арнаға тоғыстырып, елдік мәселеде күш біріктіруге бар жігерімізді арнауымыз керек дегім келеді. Байқасаңыздар АЭС салынады деген  күннен  бастап пікірлер қақ жарылды. Әр саланың мамандары өз ойларын ортаға салды. Одан бөлек, бірнеше рет журналистер қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тіпті сол АЭС салынады деген Алматы облысы Үлкен ауылының тұрғындарымен де бірнеше рет кездес   ұйымдастырылды. Бір тарап қолдаса, бір тарап түбегейлі қарсылық білдіріп отыр. Ол әрине орынды. Өйткені таяқтың екі ұшы болады десек, қоғамдық пікірдің екіге қақ жарылуы қалыпты жағдай. Соңғы кезде мамандар, әсіресе атом саласының мамандары АЭС-тің маңыздылығын теориялық түрде түсіндіре бастады. Еліміздегі ядролық институттың бірнеше белді мамандары, оның ерекшелігіне тоқталды. Осы саладағы мамандар мен де талқылау өтті. Шын мәнінде АЭС салу бізге қажет пе? Қажет болса  қаншалықты, бізгедеген тиімді тұстары қандай         ? Осы сынды сауалдарға жауап алдағы уақытта табылады деп ойлаймын. Ең бастысы халқымыз референдум дегенді түсінді. Әрбір адам елінің  игілігін ойлауы керек. Болашағын да бірге ойлап, алға қарай қадам басуымыз керек. Референдум мемлекет игілігі үшін жасалатын маңызды қадам. Ал осы маңызды шешімді қабылдайтын халық. Халықтың пікірі әрқашанда құнды. Айтпағым референдум өтетін болса, барлығы бірдей  қатысып өз пікірін білдіруі керек. Еліміздің әрбір азаматы алдағы референдумда белсенді қатысады деген үміттемін. Ең бастысы ол шешім еліміз үшін тиімді болуы керек»,-деді.

Референдум - елдік мәселе!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Кәмнұр Тәлімұлы, ақын:

Ақын Кәмнұр Тәлімұлы референдум арқылы елдік мәселелер шешіледі, елдің игілігі бірінші орында екені айтады. Ол: « Референдум деп ерекше тау бергенімізден бұл сөздің мағынасы жалпыұлттық дауыс беру дегенді білдіреді. Жалпыұлттық деген  аты айтып тұрғандай  еліміздің біргіп, біртұтас болып, мәселенің шешімін табуға өзіндік  ойы мен пікірін қосуы. Қазақ халқықында ауызбыршілік деген өқасиетті ұғым бар.  Біздің дана халқымыз о бас тан елдік мәселені бірігіп шешуді көздеген. Қазір де бұл қадірлі қасиет елімнің бойында бар. Референдум деп ресми атау берілгенімен, мағынасы мен мәні  бірігу, бір ауыздан қолдау дегенді білдіріп тұр емес пе. Сондықтан референдум елімізге керек. 2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Конситуцияға өзгеріс енгізу туралы референдум өтті. Жұрт сол кезде референдумның  маңызымен танысты. Оның еліміз үшін қажетті дүние екенін түсінді. Ал мен  референдумның не үшін керек екенін өзіндік ойыммен түсіндіріп өтейін. Ең алдымен референдум - бұл елдік мәселе. Ал елдік мәселе халықпен бірге талқыланып, шешімін табуы тиіс. Одан бөлек, референдум халықты біріктіру. Халықпен  бірге мемлекеттік мәселені шешу. Оны талқыға салу. Бұрын байқасаңыздар меммлекеттік жоспары бөлек, ал халықтың жолы бөлек тұрғандай болатын. Оған мысал ретінде алдағы бірнеше жылға құрылған мемлекеттік жоспарларды атар едім. Өздеріңіз білесіздер, «Қазақстан-2030», тіпті «Қазақстан-2050» сынды  бағдарламалар болды. Ал бұл бағдарламаларды жүзеге асырудың нақты механизмдері көрсетілмеді. Референдум арқылы халық өз таңдауын жасады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін барлығы бір ауыздан қатысты, олардың  өзгерісті күтіп жүргенін анық білініп жатты. Қарапайым халық тарапынан тек қана референдумға байланысты емес, сонымен қатар толғандырған сұрақтарын қойып орындалуын талап етіп жатыр. Мемлекет басшымыздың бастамасы жаман емес. Бұл бастаманы ең дұрыс шешім дер едім. Өйткені референдум елімізге керек. жақында ғана Президентіміз осы күзде АЭС салу мәселесі де референдум арқылы  шешіледі деді. Әрине бұл да маңызды шешім. Өйткені АЭС салу мәселесі шыққалы бені түрлі  алып қашпа  пікірлер қалыптасты. Оған халықтың ішінен айғайға қиқу қосқыштарды айтыңыз. Сондықтан алдымызда өтетін референдум жайлы ең алдымен толық мәлімет жинап алуымыз керек. АЭС саласындағы  озық ойлы мамандар да шығып өз саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі кертек.

Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы оның – халқы. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету, мелекеттік деңгейдегі мәселелерді ел болып шешу. Еліміздің әрбір азаматы саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз жақсылыққа қарай жол ашпайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс, нақты жоспар мен болашаққа бағдар  бәрінен де маңызды. Сондықтан біз алдағы күзге жоспарланған референдумда да белсенді қатысуымыз керек. Еліміздегі әрбір адам тіпті жас болсын, кәрі болсын барлығы осы елдік мәселеде бірігіп, еліміздің болашағы үшін  таңдауын жасауы керек. Әрине атом саласының маманы болмағандықтан, АЭС салу дұрыс па әлде бұрыс па дегенге  нақты өз ойымды қоса алмаймын. Бірақ Қазақстанның азаматы ретінде өз ұстанымымды білдіремін. Бұл менің азаматтық парызым. Себебі еліміз болып жатқан әрбір оқиға жұрт санасында сақа дай сай болып тұруы керек. Мемлекттік, елдік, жердік мәселе қашанда маңызды. Ал осы маңызды істердің жүзеге асырылуын біз барынша қолдауымыз  керек»,- деді.

Саяси шешімдерді қолдаймыз!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Сараш Қоңырбаева, Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты:

Педагог референдум мәні мен ммағынасы терең ұғым екеніне тоқталды. Ол: « Біздің елімізде үлкен саяси реформалар орын алып жатыр. Әрине бұл реформалардың барлығы мемлекеттің мүддесі үшін жасалуда. Сіздер менен референдум өткізудің маңызы бар ма деп сұрап отырсыздар. Әрине маңызы бар. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын еліміз ұшін маңызды қадам ретінде референдум өткізуге шешім қабылдады. Оны бүкіл халық болып қолдап, барынша жоғары деңгейде өткізілгенінің куәсі болдық. Референдум біздің елде ғана емес, шетелдік дамыған мемлекеттерде бар тәжірибе. Әсіресе Швецария елі референдум арқылы елдік мәселелерін талқылауға шығарып отыращды еген. Бір басылымнан оқыған болатынмын, ол елде кез келген мәселе ең алдымен халықпен талқыланады. Мысал ретінде зейнетақы мәселесі, денсаулық пен білім саласына қатысты мәселелер де күн тәртібінде қаралып, оған халық өз пікірін білдіріп отырады екен. Сондықтан бұл тәжірибе бізге де керек. Еліміздің ертеңіне бағытталған ауқымды  мәслелер әрине халықпен бірге талқылануы керек. Бұл жағынан мен Президентіміздің бастамасын қолдаймын. Өйткені халық пен билік байланыс орнатып, маңызды шешімдерді бірге талқыласа, елдік мәселелерді бірге  шешсе онда екеуара сенім орнайды. Ал мемлекет үшін халықтың сенімінен артық құнды дүние жоқ деп ойлаймын. Біз әлі жас мемлекетпіз. Бойымызды жаңа түзеп, оң солымызды енді аңғарып келеміз. Тарихымызға бой жүгіртсек халқымыз қаншама қиын да қилы кезеңдерді басынан өткерді. Ал қазір әлемдік аренада өз орнымызды қалыптастырып, ақырын ілгері жылжып келеміз. Мен іс сапар барысында алыс-жақын шет мемлекеттерде көп болдым. Әрине өзге елдермен елімізді салыстыра жүреміз. Бірақ мақтанышпен айта алатын бір қасиет ол біздің мемлекеттік бейбітшілікті ұстанымында. Қазір біз көк аспанның астындағы бейбіт елміз. Ең басты құндылығымыз да осы, біздің дипломатиялық қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде. Бұл да Президентіміздің саясаты. Референдум өткізудің маңыздылығына тоқталсам, жоғарыда айтып өткенімдей әрине еліміз үшін маңызды. Халқымыз үшін тіпті келер ұрпақ үшін маңызды. Ең бастысы мұндай саяси шешімдерді халқымыз қолдауы керек. Алдымызда өтетін референдумға барлығымыз бір ауыздан қатысып, қолдау көрсетсек егемен еліміздің ертеңіне зор сенім ұялататынымыз хақ. Сондықтан тағы да қайталап айтамын референдумның маңызы қашанда зор».-деді.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019