Сенбі, 23 Қараша 2024
1052 1 пікір 5 Тамыз, 2024 сағат 16:10

Қазақстан құбыр желісі: Мұнайды кім және қайда жөнелтеді

Сурет: asia24.media

Қазақстаның мұнай тасымалдау нарығында үш кәсіпорын мұнайды экспортқа шығару үшін магистралды құбыр желілерін пайдаланады. Олар: «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС және «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС. Мұнайдың қайда жеткізілетінін және жеткізу құнының қанша екенін Kazinform агенттігі материалынан оқыңыздар. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай экспортының тауарлық нарығы туралы қорытынды жариялады. Олар магистралды құбыр желілерінің үш меншік иесі де Қытай мен ішкі нарыққа мұнай өнімдерін түрлі көлемде жеткізеді немесе тасымалдауды жүзеге асырады. Үшеуінің ішінде тек «ҚазТрансОйл» ғана Еуропаға мұнайды тікелей жеткізеді. Олардың құбыр желісі Қазақстандағы ең ұзын құбыр саналады – 5 372 шақырым. Ол Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын бір-бірімен жалғайды. Өзен-Атырау-Самара бағытында созылып жатыр және Ақтау айлағына дейін жетіп, Каспий құбыр желісі жүйесімен және Атасу-Алашанькоу құбыр желісімен жалғасады.

«ҚазТрансОйл» АҚ – ұлттық оператор, сонымен қатар «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС және «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС, «Каспий құбыр желісі консорциумы-К» АҚ магистралды мұнай желісі компанияларына пайдалану және техникалық қызмет көрсетеді.

Қазақстан-Қытай құбыр желісі Атасу-Алашанькоу және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларына иелік етеді. Олардың жалпы ұзындығы 1 759 шақырымды құрайды. Ол Қазақстан мен Ресей мұнайын Қытайға негізгі жеткізуші саналады.

«МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС Батыс Қазақстан мұнайының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының кері қимыл жобасының арқасында Ақтөбе және Қызылорда облыстарында мұнай өндірудің төмендеуінің әсерін бейтараптандырады. Жалпы ұзындығы – 449 шақырым.

Айта кетерлігі, Қазақстан «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) халықаралық мұнай тасымалдау жобасының да қатысушысы саналады. Оның ұзындығы 1510 шақырым (452 шақырымы Қазақстан бөлігі). Мұнай құбыры Қазақстанның Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі Оңтүстік Озереевка мұнай терминалымен байланыстырады.

КҚК акционерлері:

* «Транснефть» ЖАҚ атынан Мемлекеттік мүлікті басқару федералды агенттігі (сенімді басқару) – 24%,

* «КТК компани» – 7%,

* «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 19%,

* Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%,

* Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%,

* LUKARCO B.V. – 12,5%,

* Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%,

* Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%,

* BG Overseas Holdings Limited – 2%,

* Eni International N.A. Н.В. С.ар.л. – 2%,

* Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды құбыр желісі арқылы ішкі нарықта 1 000 шақырымға мұнай тасымалдау тарифі тоннасына 4 355 теңге, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортқа мұнай тасымалдау тоннасына 10 150 теңге, Ресей мұнайын мұнай құбыры арқылы тасымалдау тарифі Қазақстан Республикасының Қытайға дейінгі аумағы арқылы тоннасына 4,23 доллар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371