Сенбі, 23 Қараша 2024
1261 4 пікір 8 Тамыз, 2024 сағат 19:34

Экс-министр Тұрғымбаев шартты түрде бес жылға сотталды

Сурет: ҚазТАГ агенттігі

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев шартты түрде бес жылға сотталды. Бұл туралы Азаттық жазды. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы министрді “билік өкілетін асыра пайдалану” бабы бойынша кінәлі деп танып, бес жыл шартты жаза берді. Одан бөлек, сот оны он жыл белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан да айырған. Бұл жөнінде Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың хабарлауынша, Тұрғымбаев “өзіне тағылған айыптарды толық мойындап, өкінген”.

“Аса құпия санатқа жататын” іс кінәні мойындау түріндегі процессуалдық келісім формасында [сотқа] түсті. Сондықтан ол бітімгершілік өндіріс жағдайында жабық қаралды” деп жазылған сот хабарламасында.

Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босаған Ерлан Тұрғымбаев "билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталғаны биыл сәуірде белгілі болған. Бас прокуратура қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан, басқа деректер жарияланбайтынын айтқан.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391