Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Алаш арысы 919 1 пікір 12 Тамыз, 2024 сағат 19:49

«Грубияндар жойылсын»: Журналист Шымкент қаласының әкіміне үндеу жасады

Фото: sozbe-soz.kz

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуанышбек Ботабеков өзінің фейсбук парақшасында көпшіліктің талқысына түскен жазба қалдырды. Журналист өз жазбасында жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің полиция қызметкеріне ескерту жасаған әрекетінің қоғамда екі түрлі пікір қалыптастырғанын айтады. Одан әрі әкімнің бұл әрекетін қолдайтынын айтады. Сонымен қатар Әбдімәжит Сыздықбеков деген азаматтың осыдан бірнеше ай бұрын шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының базасына келгені, онда шу шығарғаны туралы әңгіме қозғайды:

«Шымкентте адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтындар әлде де аз емес. Мәселен, осы жылдың сәуірінде Әбдімәжит Сыздықбеков деген біреу «Ордабасының» бас бапкері мен футболшыларына «Тобылдан» неге ұтылып қаласыңдар?» деп, төбелерін ойып жібере жаздаған көрінеді. Соны енді мәдениетті түрде жеткізсе де болады ғой. Он жерден әкіммен однофамилец болса да, мұнысы тіпті ұят енді. Біздің әкім «Ордабасының» фанаты боп жүрген жаңағы Әбдімәжит Сыздықбеков дегеннің бұл әрекетін естісе, ана полицейді орнына қойып қойғаны сияқты мұны орнына қойып қояды ғой.

Ғабеке, өтініш, мына Әбдімәжит Сыздықбеков дегенді тауып алып, жұрттың көзінше «быт-шытын» шығаршы. Ана полицейдің «быт-шытын» шығарғаның сияқты. Зато қалада осылай мәдениетсіз сөйлейтіндер азаяды. Мен өзіңмен біргемін. Грубияндар жер бетінен жойылсын!» (орф. сақталды) деп жазады журналист.

Журналист әңгімесіне арқау болған Әбідмәжит Сыздықбеков қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің жақыны ма? Жақыны болса, оны журналист Қуанышбек Ботабеков білмей қалды ма?

Жазбаны толық осы жерден оқи аласыздар.

 

Abai.kz

 

1 пікір