Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3879 0 пікір 4 Ақпан, 2014 сағат 05:26

Жанар Елдосқызы. Азғындықтың шегі... Тоқтату керек!

Жуырда әлеуметтік желілердің бірінде Ішкі істер қызметінің жеңіл жүрісті әйелді құрықтаған видосы орналастырылыпты. Сақшылар аты-жөнін сұрады. “Серик Серикбаевич”. Сөйтсек «сүйкімді келіншек» еркекке тәнін саудалайтын заты еркек біреу болып шықты. Таңырқаған адамды таппадым.

Соңғы кезде еркек пен еркек, әйел мен әйел әуейі болыпты деген сөз қазақ үшін қалыпты жайтқа айналып бара жатқан сыңайлы. Кезіндегідей бет шымшымайды. Көздері тостағандай болып таңғалмайды. Беті қалыңдағаннан ба, еті үйренгеннен бе? Әлде әлгілердің қарасы көбейгеннен бе? Мәселен ЖҚТБ/СПИД орталығының мәліметі бойынша бүгінде елімізде азғындық жолға түскендердің саны 240 мыңнан асқан. Ал, Астанада төрт, Қарағандыда екі, Ақтөбеде бір, Алматыда жиырма гей клуб бар деседі.

Осыны ескерген Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Қылмыстық кодекс қайта қарауға түскенде қызтекелер мен лесбиянкілерді қылмыстық жауапкершіліккке тарту туралы бапты қосты. Нақты айтқанда, халық қалаулысы еркек пен еркек, әйел мен әйел жаныстық қарым-қатынасқа барса, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр.

Депутаттың бұл мәселедегі ұстанымына сүйнесек, гейклубтарды ашқандар да жазасыз қалмауы керек. «Оларға екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни, үш жарым миллион теңгеден аса айыппұл салынуы тиіс. Немесе екі жылға бас бостандығынан айыру керек» дейді ол.    

Жан жағымызға көз салсақ, гомосексуалды қарым-қатынастар әлемнің 78 елінде заңсыз болып саналады, ал олардың бесеуінде Иран, Сауд Арабиясы, Судан, Йемен, Мавританияда  өлім жазасы қарастырылған. Мұсылман мемлекеттерін айтпағанда Ресейдің өзі мүндай азғындықты заң жүзінде жазалауда.  

Осыны естіп қазақстандық гомосексуалдардың жарты жыл бұрын жан даусы шықты. Мүндайда “Время” газеті бар емес пе? Соған барып мұң шағыпты. ЛГБТ қауымдастығының басшысы Ботагоз Омарова деген аталған газет бетінде мақала жазып, арғы-бергіні, өткен-кеткенді қозғап, Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюро өкілдерінің  сөздерін еске алады ол. Ал олар не депті? Сөйтсек құқық қорғаушысымақтар шенеуніктердің арасында да гей мен лесбиянкілер бар деген екен. Осыны айтып, Ботагоз депутаттарға абай болыңыздар деп  сес көрсетеді.

2010 жылы Танзания президенті Джакая Киквете Батыс Еуропа атынан келген депутаттардың бірін дәстүрлі емес сексуалды бағыт

ұстанғаны себепті аккредитациялаудан бас тартты. Британ премьері Дэвид Кэмерон демократияны айтып даурығып, қаржыдан қағыласыңдар деп қорқытып баққан, сол кезде Танзания көшбасшысы: “Қарнымыздың қамын күйттеп, мұндай топастықты заңдастыратын ойымыз жоқ” депті.

Адам қоғамнан оқшауланып өмір сүре алмайды. Құдай бетін ары қылсын, бірақ ертең келін күтіп отырғанда, ұлыңыз бір еркекпен қолтықтасып келсе, «күйеубалаңыз»  әйел затынан болып шығып, қызыңыз “Әке-шеше, кешір, мен жындандым” деп жырласа , кімге өкпелейсіз? Ұрпағыңызға ұятты орта қалыптастыру бүгіннен басталады. Мұның маған еш қатысы жоқ деп ойламаңыз.  Кесел мысқалдап кіріп, батпандап шығады. Геометриялық прогрессиямен өседі. Айтуға ауыз арланатын азғындықтың алашқа ауыз салғаны ақиқат. Бүгін олардың қарасы ел ішінде3-4 пайызға жетіп отырса, ертең Еуропадағыдай екінің бірі гомосексуал болып шыға келмесіне кім кепіл?

Бір жыныстық қатынасқа тосқауыл қоюдың жолын Алдан Смайыл айтты, ұсынды. Қалған әріптестері неге үнсіз? Қоғам неге тіл  қатпайды, неге қолдамайды?   Өз басым осыны түсіне алмай жүрмін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321