Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Қылмыс 880 0 пікір 13 Тамыз, 2024 сағат 14:55

«TikTok»-та құмар ойынын өткізгендер сотталды

Фото: https: aikyn.kz

Елордада «TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырған екі күдікті сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы  «TikTok»әлеуметтік желісінде «Зарик» атты құмар ойынын өткізіп, жалпы сомасы 34 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Бәс тігудің жеңімпазы 3 рет ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

Үкім заңды күшіне енді.

Abai.kz

0 пікір