Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Көкжиек 825 0 пікір 13 Тамыз, 2024 сағат 15:23

Марста 20 мың метр тереңдіктен сұйық күйіндегі су табылды

Фото: vk.com

Марсты зерттеуші Insight аппаратынан түскен мәліметтер 12-20 мың метр тереңдікте су барын көрсетті. Су қоймасы жар қабаттарында жатыр. Бұл жөнінде Марс туралы жаңа деректерге сүйенген BBC жазды, деп хабарлайды Abai.kz azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

2018 жылы Марсқа қонған америкалық зондтың модуліне орнатылған сейсмометр төрт жыл бойы Марс қабаттарындағы тербелісті тіркеп келген. Төрт жыл ішінде зонд 1319 жер сілкінісін тіркеген.

Марстағы сілкіністер туралы мәліметті сараптаған мамандар сұйық суға тән сейсмикалық сигналдарды анықтаған.

"Марстың су циклын түсіну климат, топырақ және планета қойнауының эволюциясын түсінуде шешуші рөл атқарады" деді Сан-Диегодағы Калифорния университетінің океанография институтының жетекші зерттеушісі, доктор Вашан Райт.

 

Abai.kz

0 пікір