Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2251 1 пікір 13 Тамыз, 2024 сағат 19:19

Жетісу облысында «Көшбасшы – 2024» жастар сыйлығы табысталды

«12 – тамыз Халықаралық жастар күніне орай» Жетісу облысында «Көшбасшы – 2024» жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Дәстүрге айналған байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Облыс әкімінің жастар сыйлығы жастардың қоғамдағы жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттерін және шығармашылық әлеуетін атап өту мақсатында ұйымдастырылуда. Биыл 172 үміткер өтініш қалдырып, 15 аталым бойынша өз саласында үздіктер анықталды. Бүгін үздіктерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы тапсырылды.
Көшбасшыларды құттықтау үшін өнер майталмандары, эстрадамыздың жарық жұлдыздары Нұржан Керменбаев пен Серік Ибрагимов ән шашуларын сыйлап, құттықтады.
«Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының табыстау рәсімі жастардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дәріптеуге бағытталған маңызды оқиға болып табылады. Көшбасшы жастар сыйлығы облысымыздың жастар саясатына жаңа серпін беріп, болашақта да жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуге ынталандырады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2757
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836