Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жанайқай 1091 1 пікір 14 Тамыз, 2024 сағат 18:46

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Курск облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Фото: kaztag.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курск аймағындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

« Бүгінде бүкіл әлем Ресей Федерациясының Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отыр. Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын нақты белгілейтін БҰҰ Жарғысын барлық елдердің сақтауы қажеттігін әрқашан атап келеді», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстан мемлекеттер арасындағы барлық қақтығыстарды саяси және дипломатиялық құралдарды кеңінен қолдану арқылы тек бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде жақтайды, деп есептейді Сыртқы істер министрлігі.

Бұл ретте халықаралық қауымдастықтың өзара қолайлы шешімдерді конструктивті іздеуге бағытталған кез келген күш-жігері құпталады.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың 902-ші күні. 6 тамызда Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына кіргені белгілі болды.

Ресейлік басылымның хабарлауынша, Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы шабуылы тоқтатылды, бірақ 2 мың тұрғынның тағдыры нақты белгісіз.

 

Abai.kz

1 пікір