Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2254 2 пікір 19 Тамыз, 2024 сағат 14:52

Қазақстанда тағы бір әуежай сатылатын болды

Сурет dalanews.kz сайтынан алынды

А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы акцияларының 49 пайызын электрон сауда арқылы сату жоспарланып отыр.

Әуежай Қостанай облысы әкімдігінің Қаржы басқармасының иелігінде. Басқарма орналастырылған 733,9 мың акцияның 359,6 мыңын саудаға қойған.

Аукцион электрон тендер түрінде өтеді. Бастапқы баға — 4,7 млрд теңге. Бұл бағаны биылғы 5 ақпанда «Независимая экспертная оценка» ЖШС 49% үлестің құны деп бағалаған. Ал әуежайдың нарықтағы жалпы құны 9,6 млрд теңгеге бағаланыпты.

А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ 1997 жылы тіркелген. 2013 жылы әуежайдың акциялары коммуналдық меншіктен түгелдей республика меншігіне өткен. Ал 2014 жылы Airport Management Group ЖШС сенімгерлік басқаруына тапсырылған. Осыдан 6 жыл бұрын, 2018 жылы әуежайды сатпақ болғанымен, ол кезде алатын ешкім болмай, сауда өтпей қалған еді.

Дереккөзі: dalanews.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1208
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2731
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 862
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 820