Ерболат Досаев : Тұрғын үй бағасында өзгеріс болады
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағасының көтерілуіне байланысты тұрғын үйдің бағасының өсуі мүмкін екенін айтты.
«Тұрғын үй бағасында өзгеріс болады. Бірақ көп мөлшерде өзгеріс болады деп айта алмаймын. Себебі, сатылып жатқан пәтерлер жоқ. Бұл мәселені Үкіметте қараймыз», – деді Е.Досаев.
Сонымен қатар, министр журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде АИ-95 жанар-жағармайының бағасы көтерілетінін де айтты. Е.Досаев мұны АИ-95 жанар-жағармайының Қазақстанда өндірілмейтіндігімен түсіндірді.