Сенбі, 23 Қараша 2024
Қылмыс 535 0 пікір 26 Тамыз, 2024 сағат 11:39

Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Фото: Telegram/GenPr

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отыры, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн.теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364