2025 жылғы АЕК мөлшері қанша болады
Қаржы министрлігі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшерi – 85 мың теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 мың 360 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшерi – 62 мың 771 теңге;
- айлық есептiк көрсеткiш – 3 мың 932 теңге;
- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге болып белгiленді.
Заң жобасы 31 тамызға дейін ашық НҚА сайтына қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Abai.kz