Шеріміз Шехризат болды
Алдымен бүгін (21 қыркүйек) аяқталатын «Мың бір түн» атты сабын сериалдағы басты кейіпкерлерді сомдаған әртістер туралы аз кем мәлімет беріп өтелік.
Шехризат Евлиаоглуның рөлін сомдаушы Бергузар Корел 1982 жылдың 2 қыркүйегінде Ыстабулда дүниеге келген. Әкесі Танжу Корел мен анасы Хулия Дарджан да еліне өнер адамы ретінде танылған әртістер. Өзі «Бергузар Корел Мимар Минан» Университетінің мемлекеттік консерваториясында театр бөлімін тәмәмдаған. Әртістік өнерге қызығушылығын байқаған әкесі Бергузарға көп көмек көрсетіпті. Алғаш рет түскен «Zeytin Dalı» (Зәйтүн ағашы) сериалында әке-шешесімен бірге ойнапты.
Бергузар түскен сериалдар:
Мың бір түн - Binbir Gece - 2006
Көкжалдар мекені Ирак - Kurtlar Vadisi Irak, 2006
Сен бар бол Ургуп - Şen Olasın Ürgüp,
Сынған қанат - Kırık Kanatlar
Зәйтүн ағашы - Zeytin Dalı, 2005
Алдымен бүгін (21 қыркүйек) аяқталатын «Мың бір түн» атты сабын сериалдағы басты кейіпкерлерді сомдаған әртістер туралы аз кем мәлімет беріп өтелік.
Шехризат Евлиаоглуның рөлін сомдаушы Бергузар Корел 1982 жылдың 2 қыркүйегінде Ыстабулда дүниеге келген. Әкесі Танжу Корел мен анасы Хулия Дарджан да еліне өнер адамы ретінде танылған әртістер. Өзі «Бергузар Корел Мимар Минан» Университетінің мемлекеттік консерваториясында театр бөлімін тәмәмдаған. Әртістік өнерге қызығушылығын байқаған әкесі Бергузарға көп көмек көрсетіпті. Алғаш рет түскен «Zeytin Dalı» (Зәйтүн ағашы) сериалында әке-шешесімен бірге ойнапты.
Бергузар түскен сериалдар:
Мың бір түн - Binbir Gece - 2006
Көкжалдар мекені Ирак - Kurtlar Vadisi Irak, 2006
Сен бар бол Ургуп - Şen Olasın Ürgüp,
Сынған қанат - Kırık Kanatlar
Зәйтүн ағашы - Zeytin Dalı, 2005
Онур Аксал - Халит Ергенч . Ыстанбулда 1970 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келген. «Халит Мимар Синан» университеті опера және музыка факультетіндегі театр ойыншысы бөлімін бітірген. Ол музыка, опера және балет саласында көп еңбек етті. The Adventures of ZAK-New York, Kiss Me Kate, Tatlı Charity, Beni Seviyor, Kral ve Ben", Amphitrion 2000, Evita, Hayalet ve Ötekiler, Şarkılar Susarsa. Театр саласында Bugün Git Yarın Gel (бүгін кет, ертең кел), Popcorn (Попкорн), Arapsaçı (арап маманы), Sevgilime Göz Kulak Ol (сүйіктіме сүйеу бол).
Теледидарда болса Hiç Yoktan Aşk (жоқтан махаббат), Ölümün El Yazısı (өлімнің жазуы) фильмдері, Böyle mi Olacaktı (осылай болмаса еді), Kara Melek (қара періште), Dedem Gofret ve Ben(атам Гофрет және мен), Esir Şehrin İnsanları (Тұтқын қаланың адамдары), Zerda, Aliye деген сериалдары бар.
Үш жылға созылған «Мың бір түн» сериалынан кейін оянған махаббат бір жылдан кейін екі жастың үйленуіне себепкер болды. Биыл тамыз айында Халит Ергенч пен Бергузар Корел отау құрды.
Сонымен фильм туралы әңгімемізге оралайық. Дәл бүгінгі күнге дейін «Қазақстан» ұлттық арнасында түріктің «Мың бір түн» атты телехиқаясы «модада» болды... Бұған дейін Гүмүш боп толғанып, Райхан болып ойланған қазақ көрермендері Шехризаттың шырмауына шырмалды. Кеш болды бітті, қаракөздер телеарнаға телміреді. Сонда көретіні - 5 жасар баласы лейкемиямен ауыратын Шехризат атты жесір әйелдің сорақы хиқаясы. Хиқая күнде құбылады. Тартысты тірлік тереңіне бойлататын болса керек. Арнаңызда көз қарықтырар жағымсыз жайлар шұбатылып жатса да, ұятты ысырып қойып қарайсың. Ұзын ырғасы мынау. Сол ауру баласын емдету үшін Шехризатқа 150 мың доллар ақша қажет болады. Несие сұрап барған банк кіріс көзінің тұрақсыздығына байланысты өтінішін аяқсыз қалдырады. Содан ол бірнеше жыл араласпай кеткен қайын атасынан ақша сұрайды. Алайда, ол кісіден қайыр болмайды. Айналып келгенде оған бар-жоғы үш-ақ ай жұмыс істеген өзінің директорына қолқа салуға тура келеді. Осы кезде директоры күтпеген ұсыныс жасап, бір түнге әуейі болуға көндіреді. Ал, онан кейін... Әр қадам сайын әйел мен еркек арасындағы жанжалдың шиеленісуі һәм өрбуі жалғасып кете береді...
Салтанат Жұмаділова, сценарист:
- Ол фильмде көбі шыдамсыз екені рас. «Шешем көнсе, әкем көнбейд, әкем көнсе, шешем көнбейд, әттең тонның келтесі-айдың» нағыз өзі. Бірде Онур қисайса, бірде Шехризат қисайып, жұрттың жүйкесінде ойнайды. Мен солай жаза білгені үшін, көрермендерін баурап алғаны үшін сценаристеріне таңқаламын. Телевизияның ішкі кухнясын білетін адам мұны бірден түсінеді, маман ретінде бағалайды. Ал, ұлттық тұрғыдан алып қарасақ, рас, ұтылатын тұсымыз көп. Әдебиет, кино, жалпы кез-келген нәрсе адам жанына сіңе береді ғой тамшылап. Елдің бәрі Нәдиде ханымның даналығын, Бурхан мырзаның даралығын сіңіріп жатса, құба-құп. Бірақ, олай бола бермейтіні өкінішті. Шехризаттың сәл нәрсеге ашуланып, баласын ала сап кетіп қалатыны көрерменге қатты әсер етеді. Оны көрген қазақтың келіндері де соны істемей ме?
Хусейн ГЮНГЕР, түрік журналисі
- Неге екенін білмеймін, Түркияда «Мың бір түннің» ретингісі өте жоғары. Телетоптаманың формасы шығыс халықтарына белгілі «Мың бір түн» хиқаясынан алынған. Сериалдағы жайларға қарап Түркияның рухани әлемі осыншама құлдырап кетіпті деуге болмайды. Мысалға, кино маған ұнаған жоқ. Әйелім көргісі келіп еді, көрсетпей қойдым. Өйткені, «Мың бір түнде» түркілерге тән болмыс-бітім көрінбейді. Ал, сіз сұраған сананы жаулау дегенге келіспеймін. Ресейдің, американың, тіпті өздеріңіз сүйіп көрген үндінің киноларын көрген кезде осындай мәселе көтеріп пе едіңіздер? Бәлкім, әдеттегіше еврейлер істеп отырған шығар. Ол жайында білмеген соң, ештеңе айта алмаймын.
Сағын СЕРІК
- Кейбір қазақтар «орысқа бодан болғанша, түріктің шылауында кеткеніміз артық» деп есептейді. Құдай-ау, сонда біз бұйдасын ұстатқан бұқа құрлы жұлқынбастан жетелеген жетекке еріп жүре беруіміз керек пе? Түрік киноларында өз баласын өз әкесіне жау етіп тәрбиелейді. Олар қазақтың балаларын әкелеріне қарсы қою үшін елімізде жыл сайын өз оқу орындарын көбейтіп жатыр... Түрік экспанциясы жылдан-жылға артып келеді. Оған дәлел - қаптаған түрік телехиқаялары. Жас жеткіншектеріміз түрікше ойлап, түрікше әрекет етуге көшкен. Біздің сана сезімімізге олар өз дәстүрін, өз тарихын, өз тілін ақпарат құралдары арқылы сыналап сіңіріп жатыр.
Түріктің қай сериалы болмасын қазақтың санасын шырмап алды. Шырмап алғаны соншалық біздің жастарымыз өз әртістерімізден гөрі, сонау құрлықтың бір шетінде жатқан түріктің дударбастарын жақсы таниды. Солардай болғысы келеді. Болғысы келмесе де, жастар нені көрсе соны жасайды емес пе?. Оған түріктің киноларының ықпалы да аз емес болса керек. Тіпті, интернет парақшаларын парақтасаңыз жаңыласыз. Мысалға, мына жазбаларға көз жіберіңіз. «Осы сериалдан кейін Онур мен Шехризат бір-бірін жақсы көріп қалыпты. Қазір бірге тұрып жатыр екен. Бұған дейінгі махаббаттарымен екеуі де ажырасып кетіпті» - дейді достарымен әңгіме дүкен құрған Ақзере атты қыз. «Онурдың сүйгеніне деген сенімсіздігі мен Шехризаттың керексіз кезде ұстап қалатын тәкаппарлығы ұнамайды» деп ойын білдіреді тағы біреуі. Күндіз бойы ашық тұратын «маил агентіме» 33 адамнан мәтіні бірдей хат келді. Хаттың мәтіні мынандай деп жазады Арман атты жігіт. «Онурдың махаббатын, Шехризаттың шапағатын, Канның еркелігін, Мехрибанның сабырлығын, Банудың сұлулығын, Керімнің кемесін, Бурхан мырзаның үйін, Надиде ханымның миын берсін. Осыны 7 адамға жіберсең махаббатың Онур мен Шехризаттікіндей болсын, жібермесең Фусун мен Әли Кемалдікіндей болсын!». Не түйдіңіз, ауызекі тілдегі «Махаббаттарың тазы мен қояндай болмасын, Қозы мен Баяндай болсын» демеуші ме едік, бұрындары.
«Түріктің сөздері бізге диалекті болып барады. «Қолың дерт көрмесін», «Қош келдің», «Қош көрдік», «Эвет» немесе «Тамам» деген секілді сөздерді қолданысқа енгізіп алдық» деп қапаланады тағы бір жазарман. Бір әзілқой қыз: «Алдында бір апайым, күйеуіне қарап, «Бурхан мырза, не істейміз?» деп елді ду күлдіртті ғой» - деген әзіл енгізіп қойыпты... Енді біреуі түсінде көргенін жазса, тағы бір көрермен: «Білесің бе, ол сериалда Шехрезат пен Онур қосылады екен. Көрікті келіншек өзге біреуге тұрмысқа шығайын деп жатқанда Нелюфер мен Каанды жетелеп Онур келеді-міс. Сол сәтте жаңа күйеу оп-оңай-ақ «Сенің отбасың анау» деп басына қонғалы тұрған бақытын Онурға сыйлайды-мыс» деп болашаққа көз жіберіпті. Әр ой бір-бірімен қабыспайды. Бірақ, бәрінің илегені бір терінің пұшпағы.
Рас. Ақтық серия бүгін болады. Кімнің сәуегейлігі оңынан туатынын да бүгін аңғарамыз. Бірақ, біз бір нәрсені аңғармаппыз. Әзірдің өзінде санамызда түріктік һәм батыстық түсінік қалыптасып үлгеріпті. Өкінішті.
Түйін:
Арналарды түрік пен корейдің телетоптамалары толықтай жаулап үлгерді. Кеш бата жарыққа асық көбелектей қара қобдишаға қаумалаймыз. «Кешегі күрмеулі тұстан ары қарай не болады екен?» деген ой санамызда дөңбекшиді. Біз осыдан не ұттық? Нені ұтқыздық? Білмейміз. Білетініміз - тағы да түріктің киносын көретініміз. Ал, одан аларымыз бен алмасымызды болжамдайтын біз емеспіз. Соқыр тауыққа бәрі жем...
Бейбіт НҰРСАПА