Сенбі, 23 Қараша 2024
Президент тапсырмасы: 1038 0 пікір 27 Тамыз, 2024 сағат 13:56

Үкімет жылыту маусымына дайын ба? Бектенов не дейді?

Суреттер Википедиядан және Sputnik сайтынан алынды

Жылыту маусымы жақындап келеді, Қазақстан былтыр апаттардан көз ашпады. Қақаған суықта жылу беретін орталықтар істен шықты.

Жыл сайын Үкімет «тиісті жұмыстар атқарылып жатыр» деп есеп береді. Бірақ, жыл сайын көретініміз бір картина.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс»,- деген еді.

Биыл Үкімет тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын айтуда. Сонымен, Үкімет есебіне көз жүгіртейік:

1. 2023 жылдың басында Үкіметтің бастамасымен жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама іске қосылды.

2. Аталған бағдарлама аясында 114 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 77,4 млрд теңге бөлді.

3. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жоспар шеңберінде 2030 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендетуді көздейтін 1,6 мың шақырымды жөндеуге тапсырыстар берілді.

Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 116,3 млрд теңгеге 131 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді.

Биыл республикалық бюджет есебінен 92,5 млрд теңге сомасына шамамен 160 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345