Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2317 0 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 14:20

Жамбыл облысы: 2,2 млрд теңгенің тендері заңсыз

Сурет gz.mcfr.kz сайтынан алынды.

Жамбыл облысының прокуратурасы 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады. 

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталды.

Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген.

Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған.

Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2747
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829