Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1883 32 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 15:20

АЭС құрылысы: Саяси партиялар не дейді?

Суреттер: Аманат, Ауыл, Байтақ партияларының сайттары мен әлеуметтік желілерінен және dknews.kz сайтынан алынды.

Үкімет мүшелері Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге байланысты қаулыға дауыс беріп, бірауыздан қабылдады.

Референдумның күзде өтетінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. Бүгінге дейін 20 қалада талқылау болып, қоғам пікірі ескерілді. АЭС салуға еліміздегі саяси партиялар да үн қосуда.

Сурет: amanatpartiasy.kz

«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ?

«Аманат» партиясының өкілі  Елнұр Бейсенбай, партия өз ұстанымын алдағы уақытта жария етеді дейді. Ол: «Біз АЭС салуға байланысты партияның ұстанымын алдағы уақытта жариялайтын боламыз. Ал менің жеке пікіріме келсек, АЭС салу керекпіз. Біз оған болашақтағы альтернативті энергия көзі ретінде қарауымыз керек. Біріншіден ол жоғарғы технология. Екіншіден бұл біздің мемлектімізге білім мен ғылымның дамуына үлкен ықпалын тигізетін болады. Қоғамда әртүрлі үрей мен қауіп-қатер бар. Біршама зерттеулер мен Үкімет берген сараптамалар бар. Әлемдік тәжірибе де  ескеріледі. Әлемде 30-дан астам мемлекетте АЭС бар», - деді (Дереккөзі: Азаттық радиосы).

Сурет: dalanews.kz

«БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Ал  «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтің айтуы бойынша, әлемде таза, жасыл энергия көзі — атом энергиясы болып саналады.

«Себебі, климатты тұрақты ұстап қалу мен қоршаған ортаны қорғауды тек атом электр станциясы ғана қамтамасыз ете алады. Оның энергиясы — экологиялық таза энергия»,- деп баса айтты BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы.

Оның сөзінше, атом электр станциясы ғылымның жетістігі.

«Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Еуропа және өзге де дамыған елдердің бәрі өздеріне осы станцияны салып жатыр. Бір ғана АҚШ-тың өзінде 99 атом станциясы бар. Бұл, оның қауіпсіздігін дәлелдейтін бірден-бір фактор».

Сурет: Google іздеу жүйесі

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Сонымен қатар «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің атом электр станциясы құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуге байланысты Қазақстан халқына және партия мүшелеріне үндеу жасады.

«Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы, халықаралық нарықтардағы қатаң бәсекелестіктің артуы, геосаяси текетірестің күшеюі әрбір мемлекетке энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуді талап етеді. Бәсекеге қабілетті, әрі сапалы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру отандық энергетиканы қарқынды дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Елімізде дәстүрлі және дәстүрлі емес көздерден энергия өндірудің өзіндік проблемалары бар екені белгілі. Мысалы, соңғы кездері су тапшылығының артуы бізді су электр энергиясын өндірудің болашағына күмәнмен қарауға мәжбүрлейді. Мұнай мен газ қорлары да шексіз емес. Сондықтан мұнай, газ қорларына негізделген ұзақ мерзімді пайдаланылатын энергетикалық жобаларды жоспарлау мүмкін емес.

Көмір отынын пайдалану қазірдің өзінде күрделі экологиялық мәселелерді туындатуда. Аталмыш экологиялық мәселелердің ең бастысы – құрғақшылыққа, шөлейттенуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін айтарлықтай жоғалтуға алып келетін жаһандық климаттың өзгеруі.

Қазақстанда күн және жел энергиясы секілді дәстүрлі емес қуат көздерінің айтарлықтай әлеуеті бар. Алайда мұның да энергия қорларын жинақтау және тұрақтандыру сияқты технологиялық мәселелердің шешілмеуі салдарынан көмір мен көмірсутектерді толықтай алмастыра алмайтыны белгілі болып отыр. Еліміз қазірдің өзінде электр қуатының тапшылығын сезінуде және оны айтарлықтай көлемде импорттауға мәжбүр. Электр қуатының тапшылығы орын алғанда оны ең алдымен ауылдар мен ауыл шаруашылығы саласы өткір сезінетінін кезінде жарықсыз қалған ауылдардың мысалынан жақсы білеміз. Қазіргі таңда атом электростанциялары әлемдегі көптеген елдер үшін ең тұрақты энергия көздерінің бір болып отыр», - дейді «Ауыл» партиясының мүшелері.

Abai.kz

 

32 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322