«Әзірге бар ішкиімдері жарты жылға жететін шығар деп ойлаймыз...»
Сурет - Ғалым Смағұлұлының карикатурасы
Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде жиегіне шілтер қондырылған әйелдердің іш киімін (ыстан-труси) сатуға, оны тігуге, шетелден импорттауға тиым салынды. Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық мәселелерді реттеу министрі Валерий Корешковтің айтуынша, «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап заңдық күшіне енген. Корешков техникалық регламентте ішкиімнің дымқылды өзіне сіңіру деңгейі 6 пайыз болу керек. Ал синтетикалық, шілтерлі ыстандардың дымқылды сіңіру көрсеткіші 3-3,6 пайыздан аспайды. Сондықтан мұндай ішкиімдер Кеден одағының талаптарын қанағаттандырмайды дейді. Осы мәселеге байланысты біз экономсит Жангелді Шымшықов мырзаның пікірін білгенді жөн көрдік.
Жангелді Шымшықов, экономист, Экономика институты Астана филиалының директоры:
- Сіз бұл талапты бастапқыда қалай қабылдадыңыз?
Сурет - Ғалым Смағұлұлының карикатурасы
Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде жиегіне шілтер қондырылған әйелдердің іш киімін (ыстан-труси) сатуға, оны тігуге, шетелден импорттауға тиым салынды. Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық мәселелерді реттеу министрі Валерий Корешковтің айтуынша, «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап заңдық күшіне енген. Корешков техникалық регламентте ішкиімнің дымқылды өзіне сіңіру деңгейі 6 пайыз болу керек. Ал синтетикалық, шілтерлі ыстандардың дымқылды сіңіру көрсеткіші 3-3,6 пайыздан аспайды. Сондықтан мұндай ішкиімдер Кеден одағының талаптарын қанағаттандырмайды дейді. Осы мәселеге байланысты біз экономсит Жангелді Шымшықов мырзаның пікірін білгенді жөн көрдік.
Жангелді Шымшықов, экономист, Экономика институты Астана филиалының директоры:
- Сіз бұл талапты бастапқыда қалай қабылдадыңыз?
- Біріншіден, гигиеналық тұрғыдан алғанда, ішкиімдер адамның терін сіңіретін және дененің дем алуына қолайлы матадан жасалуы керек. Мәселен, мақта матадан немесе зығыр матасынан тігілуі тиіс. Қытайдан келетін халық тұтынатын көптеген тауарларда мұндай талаптар сақталмайды. Қытай тауары арзан болғанмен, адам денсаулығына зиянды екені түсінікті. Бұл тұрғыдан келгенде, мұндай талаптарды енгізгені құба-құп деуге болады.
Екіншіден, бұл талаптың астары да болуы мүмкін. Себебі, Ресей не істесе де өз өнеркәсібін жан-жақты қорғау үшін немесе меркантилдік, протекциони́стік саясат ұстанып отырғанын жасырудың ешбір реті жоқ.
Кеден одағына кіргеннен бері бізге қоятын талаптарының бәрі айналып келгенде біздің бәсекеге қабілеттілігімізді шектеп, керісінше, өз экономикаларының бәсекелестік қабілетін толық пайдаланып, бар пайданы Ресейге бұрып, таразы басын өздеріне басып отырғаны анық.
Естеріңізде болса, 2010 жылы Кедендік одақ малды тек қана арнайы мал соятын орындарды сою керек деген талап қойып, біздің қаншама қаражатымыз мал соятын қасапхана салуға шашылды. Ақыры, біздің елден шығатын мал етін алмай қойған еді. Бұл - Ресейдің Қазақстанға жасап отырған экономикалық озбырлығы мен қысымының тағы бір айғағы. Көлікке қатысты да дәл сондай амал қолданды. Шетел көлігінің бағасы өсіп, Ресейдің үш жылда шашылып қалатын көліктерін пайдалануға мәжбүр етті. Сондықтан, тепе-теңдік пен тең құқықтық жоқ жерде зорлық жасалатыны түсінікті. Қазақстан Кеден одағынан ештеңе ұтпайды.
Кедендік одаққа кіру деген сөз бірте-бірте бодандық қамытын қайта кию деген сөз.
Интеграция бірінші кезекте тең құқықтық, екінші кезекте бір-біріне техникалық, экономикалық қажеттілік сықылды тұжырымдардан тұрады. Ал, Ресей мен Қазақстан бір-бірін толықтыратын емес, бір-біріне бәсекелес экономикасы бар елдер. Егер біз Жапониямен экономикалық интеграция. жасайтын болсақ, нұр үстіне нұр болады. Онда біз шынында да дамыған елге айналар едік.
Ал, Ресейден біз не аламыз? Ресей бізге не береді? Өздерін жарылқай алмай жатқан, жылына 1 миллион адам қайтыс болып, саны кеміп бара жатқан, маскүнемдік, жезөкшелік, жемқорлық жайлап жатқан Ресейден бізге не қайыр, не үміт?! Тіпті Сочидегі олимпиаданың ашылуында олимпиада белгісіндегі бес сақинаның біреуін жоғалтып алған Ресейден не сұрайсың?! Сондықтан Кедендік одақ деген қисынсыз нәрсе.
Мари Эл деген бар. Мари автономиялық республикасы еді. Мари Эл деп өзгертті. Сол сияқты Қазақстан Кеден одағынан Еуразиялық одаққа кірсе, Мари Эл сияқты Қазақ ел боламыз. Соған дайындалып жатыр ма, білмеймін, Қазақ елі дегеннің қайдан шыққанын...
- Әйелдерге арнап шілдерлі ішкиім (ыстан-турси) тігетін және оны сататын фирмаларға бұрын берілген сертификаттардың мерзімі 2014 жылдың 1 шілдесінде аяқталады. Осы күннен бастап Кедендік одақтың регламентіне сай емес шілтерлі ішкимдердің сатылуына түбегейлі тиым салынуы тиіс. Осы мүмкін бе?
- Егерде шешім қабылдаса, оның орындаулын қатаң қадағаласа, жүзеге асыруы әбден мүмкін. Соның кесірінен қыз-келіншектер ішкиімсіз қалғанмен де, бір жарты жылға әзірге бар ішкиімдері жететін шығар деп ойлаймыз (күлді). Оған дейін бір жөні болар.
- Қазақстанда шұлық пен ішкиімдер шығаратын қандай да бір кәсіпорынның атын атай аласыз ба? Қазақ ішкиімді қайдан алып отыр?
Қазір «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар Қырғызстаннан шығатын киім-кешекті алып жатырмыз ғой. Қырғызстанда болғанда, оларға «Made in Kazakhstan» деп жазуға тапсырма берілген.
Бізде Ақмолада (Астана) жіп иіру фабрикасы болған. Оны 1975 жылы сала бастады да, Украина, Беларусь, Ресейден жұмысшылар әкеліп, оларды баспанамен қамтамасыз етті. Ал, жергілікті халықты қазақтарды фабрикаға жұмысқа алмады. Сол фабриканы талан-таражға түсіріп жоқ қылды. Қондырғыларын шетелдіктер алып кетті-ау деймін... Дәл осы секілді республика аумағындағы жеңіл өнеркәсіптің барлығы тоқырап, жабылды, талауға түсті.
- Кедендік одақ құрылған күннен бастап Ресей тарапынан әртүрлі тиымдар көбейіп кетті. Турасын айтқанда Кедендік одақ Ресейдің меншігі сияқты. Енді міне, «ананы киме, мынаны кидің» әңгімесі шығып жатыр. Шамасы Ресейде бір мықтының нақсүйері ме, әлде еркетотай қызы ма, біреуі бытқытып ішкиім шығарғанда сонысын саудалай алмай шығынға батып отырса керек. Сіз қалай ойлайсыз?
- Әбден мүмкін. Нарықтың заңдылықтарын пайдалана отырып, астыртын саяси қолдау арқылы пайда табу дүниежүзінде қолданылып келе жатқан саясаттың бір түрі. Сондықтан, солай болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын.
Дайындаған Өміржан Әбдіхалықұлы
Abai.kz