Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3741 0 пікір 19 Ақпан, 2014 сағат 09:54

Төрімізге "Төр" келді!

Қазақ басылымдарының қатары сиреп жабылып жатқанымен жарық көріп бастағаны да бар. Соның бірі –   республикалық қоғамдық-саяси «Төр» журналы.  Жуырда Елордадағы Журналистер үйінің Мәжіліс залында республикалық журналдың таныс­тырылымы өтті.

Қазақ басылымдарының қатары сиреп жабылып жатқанымен жарық көріп бастағаны да бар. Соның бірі –   республикалық қоғамдық-саяси «Төр» журналы.  Жуырда Елордадағы Журналистер үйінің Мәжіліс залында республикалық журналдың таныс­тырылымы өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының директоры Сұлтан Сраилов, «Рауан» баспа үйінің бас директоры, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жаңа басылымның бас редакторы Олжас Сәндібектің айтуынша, қалың оқырманға әзірге екі мың данамен жол тартқан үнжария негізінен ұлт мүддесін, тұлғалар бейнесін, тарихтың ақтаңдақ қатпарларын ай­шықтауды көксейді. «Төрдің» бетінде қазақ халқының қамын жеген ата-баба­лары­мыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптейміз, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің бірлігі мен экономикасының тұрақты дамуына, ұлтаралық татулығына, ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын, ел үшін туған арда азаматтардың еңбегін алаш жұртына паш етеміз. Әу бастағы және алдағы мұратымыз да осы. Замандастарымыздың жарқын істері мен шыққан белестері де журнал ұжымының назарынан тыс қалмайды» дейді О.Сәндібек.

Оқырман «Төр» журналының екінші санынан қазақтың ақырғы ханы һәм батыры Кенесары хан туралы Мағжан Жұмабаевтың толғауын, сонымен қатар, Сидней олимпиадасының чемпиондары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбыраймовқа арналған ақын Бауыржан Берікұлының жырларын, есімі елге белгілі кәсіпкер, «Құрмет» орденінің кавалері Оралбек Ботпайдың сыр-сұхбатын және тағы басқа құнды дүниелерді оқи алады. «Төрелігін айтыңыз», «Төресөз», «Төрдің көркі», «Төрлетіңіз», «Төрге лайық», «Төртұлға», «Төрдің талқысы», «Төрдегі толғам» атты айдарлары бар басылымның келесі нөмірі қазақ өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбекұлына арналмақ екен.  Журналдың тұсаукесеріне жиылған қауым «Төр» журналы халықтың көңілінің төрінен орын алатын басылым болсын деген ізгі тілектерін жеткізді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315