Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1702 5 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 11:33

Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

Сурет Google іздеу жүйесінен алынды.

Екі жыл бұрын, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Украина Харьковті азат ету операциясын бастап жіберді.

Бұл операция тосыннан жасалғандықтан, Ресей басқыншыларын бүк түсірді. Украина сол жолы бүкіл оккупацияланған территорияны айналасы бір аптаның ішінде қайтарды. Украианың ержүрек ұл-қыздары қанын төгіп, жанын беріп жүріп өз жерлерін қайтарды!

Бұл операция Ресей әскери басшылығы үшін күтпеген шешім болды. Себебі, Мәскеудегілер Украина негізгі соққыны Херсон облысына салады деп отырған.

Сол жолы Балаклей қайтты. Купянск пен Изюм, Казачий Лопань мен Волчанск секілді бірсыпыра аумақ Украинаға қайтарылды!

Ал сол Харьковті азат ету операциясын генерал Сырский басқарған еді!

Сөзсіз Ресей басқыншы армиясының өздері жаулап алған аумақтан тым-тырақай қашуы әлемдік тарихқа қою қара сиямен жазылып қалады.

Қазір түгел Украина армиясына тізгінші болып отырған генерал Сырский әлемдік соғыс тарихына тағы бір операцияны жазып жатыр. Ол - Курскі операциясы!

Әлеммен әлімжетті тілмен сөйлесетін Ресейдің жерінде соңғы сексен жылда болмаған істі жасау: әскермен кіріп, жүзге жуық ауылды, бірнеше ауданды тартып алу, онымен қоймай ор қазып, мықтап бекіну - тарихқа жазылмайды деймісіз…Жазылып жатыр!

Әлгінде кезекті рет «Рамштайн» жиыны өтті. Украинаға әскери көмек жайы талқыланды. Сонда президент Зеленский: «Әттең, Кремльге соққы жасай алмайтынымызға өкінемін», - деді. «Мүмкіндік болса Кремльдің бет-беделіне қарайын деп тұрған жоқпыз», - деді ыммен!

Тұздық: Президент Зеленский айтқан екі ауыз сөз:

1) «Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы Ресейдің Сумы облысына басып кіру жоспарын бұзды», - деді.

2) «Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы операциясы кезінде Ресей 6 мың сарбазынан айырылды», - деді…

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048