Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Экономика 7188 1 пікір 12 Қыркүйек, 2024 сағат 14:31

Министрлік: Жалпы ішкі өнім өсімі 5,6 пайыз болады

Фото: DALL-E

2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,6 пайызды құрайды. Бұл туралы Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

«Сіздердің қарауларыңызға елдің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және „Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 — 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы“ Заңның жобасы енгізіледі. Болжамды қалыптастырудың негізіне мұнайдың бағасы барреліне 75 АҚШ доллары және доллардың есептік бағамы 470 теңге болғандағы базалық сценарийі алынды. Болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі — 5,6 пайызды, 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,4 пайызды құрайды. Атаулы жалпы ішкі өнім 2025 жылғы 150,8 трлн теңгеден 2029 жылы 234,2 трлн теңгеге дейін өседі», — деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, экономиканың барлық саласында өсім күтіледі.

Мәселен, өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны — 4,1 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде — 5,8 пайызды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2,9 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығындағы орташа жылдық өсім — 5,3 пайыз, құрылыста — 9,3 пайыз, көлік қызметтерінде — 8,2 пайыз және саудада 7,1 пайыз болады.

«Мұнай өндіру көлемі 2025 жылы 97,2 млн тоннадан 2029 жылы 104,8 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Тауарлардың экспорты 2025 жылы 82,3 миллиард АҚШ доллардан 2029 жылы 90,0 миллиард АҚШ долларға дейін өседі деп болжанады. Импорт 61,3 миллиард АҚШ доллардан 67,5 миллиард АҚШ долларға дейін өседі. Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5 және 7,5 пайыз, 2026 жылы 5 және 6 пайыз аралығында айқындалды, кейіннен 2027-2029 жылдары 5 пайызға дейін төмендеуі күтіледі», — деді Азамат Әмрин.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958