Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 1117 0 пікір 12 Қыркүйек, 2024 сағат 15:35

Тіл мен мәдениет алмасуы - үзілмейтін үрдіс

Сурет: Abai.kz

Әрине, мәдениеттер алмасуы - үздіксіз қозғалыс. Онымен бірге тілдердің араласуы - заңды құбылыс.

Бұл үлкен ғылыми мәселе. Және, онымен дайындығы бар адам ғана айналысады.

Олар қоғам тілін түзеп-күзеп отырушы тіл ұсталары. Ал, қазіргі талқыға шыққан "лингвист молда" тақырыбы - ұлттық болмысты қиратуды мақсатты көздеген діни догматтардың қоғамды әбден қажытқан, мезі еткен кезде туындады. Молда "дін экспансиясын" "тілдік экспанияға" ұштастырғысы келді.

Сол арқылы, қазақ ұлтының терең тарихын дінге тіреп, соның жалғасы ретінде "тіл тарихын" шорт кесуге әрекет жасады.

Ал, ұлы мәдени, тілдік, этностық тарихынан ажырған халық ешқашан өзінің "ұлылығын" сезінбейтін күйге түспек.

Олай болса, оның тағдыры - мәңгілік бодандық! Молда осы "қотырды" қасып кетті... Денеміздің дуылдап қыши жөнелгені содан!

Білімсіз молда білмей істесе де - өзі секілді білімсіздерді балалатуы әбден мүмкін. Сол үшін тамағымыз қарлыққанша айғай сап жатырмыз...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371