Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Айбын 1127 1 пікір 13 Қыркүйек, 2024 сағат 15:47

Әскери жаттығу: Қазақ пен өзбек аспанын кім қорғайды?

Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігі телеграм арнасынан алынды.

Екі-үш күнен бері Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігін қорғауда бірлескен оқу-жаттығу өткізуде. Аталған жаттығуға ұшақтар, тікұшақтар, әуе қорғаныс жүйелері қатысуда.

«Ашық аспан-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қазақстан мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарының қатысуымен 10-14 қыркүйек аралығында өтетін болады.

Қазақстан түркі мемлекеттерімен әскери келісімдерге қол жеткізді алысқа бармай Түркиямен болған келісімді сөз етсек те жетеді.

Бұған дейін министрлікте: «Генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективалары мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Түркия мен Қазақстан арасында 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды», - деп хабарланған болатын.

Abai.kz

1 пікір