Лэ Юйчэн мырза, басы артық «СПРАВКА» беруді тоқтатуыңызды сұраймын!
1-сурет: Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы өкілетті және бас елшісі Лэ Юйчэн
2-сурет: Кәрім Мәсімовтың Үкіметі тұсында қабылданған қаулы бойынша шетелден көшіп келген қазақтардан көші-қон мекемелері талап ететін анықтама қағаз
3-сурет: Қазақстанда тұрғылықты тұру үшін келген шетел азаматтары (оралмандар) жинап, өткізуге тиіс құжаттар тізімі жазылған қағаз
Қытай Халық Республикасының
Қазақстандағы өкілетті және бас елшісі
Лэ Юйчэнге
Құрметті Юйчэн мырза!
Жиырма жылға жалғасқан атышулы «Мәдениет Төңкерісі» аяқталып, «Төрттік төбе» құлатылған соң, Қытайдың билік басына Дэн Сяопин жолдастың келгенін; бүкіл мемлекетті ретке салып, қызметтің бар түйінін «Төртті осызамандандыруға» бұрғанын; «Жаппай реформа жүргізу» мен «Шетке қарата есікті кең ашуға» жол қойғанын біз жақсы білеміз.
1-сурет: Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы өкілетті және бас елшісі Лэ Юйчэн
2-сурет: Кәрім Мәсімовтың Үкіметі тұсында қабылданған қаулы бойынша шетелден көшіп келген қазақтардан көші-қон мекемелері талап ететін анықтама қағаз
3-сурет: Қазақстанда тұрғылықты тұру үшін келген шетел азаматтары (оралмандар) жинап, өткізуге тиіс құжаттар тізімі жазылған қағаз
Қытай Халық Республикасының
Қазақстандағы өкілетті және бас елшісі
Лэ Юйчэнге
Құрметті Юйчэн мырза!
Жиырма жылға жалғасқан атышулы «Мәдениет Төңкерісі» аяқталып, «Төрттік төбе» құлатылған соң, Қытайдың билік басына Дэн Сяопин жолдастың келгенін; бүкіл мемлекетті ретке салып, қызметтің бар түйінін «Төртті осызамандандыруға» бұрғанын; «Жаппай реформа жүргізу» мен «Шетке қарата есікті кең ашуға» жол қойғанын біз жақсы білеміз.
Жаңа реформаның аясында, жарты ғасырға жуық есігін тарс бекітіп алған томаға - тұйық елге шетелден келушілер мен шетелге шығушылардың саны көбейе бастады. Соны ретке келтіруді ойласқан Үкіметтеріңіз, өткен тәжірибелерді қортындылай келіп, әлемдік заңнамаларды ескере отырып, 29.04.2007 ж. Қытай Халық республикасы 10 - кезекті Бүкіл мемлекеттік Халық құрылтайы Тұрақты комитетінің 21 - Жоралар мәжілісінде №50 - бұйрықпен «Қытай Халық Республикасының Төлқұжат беру тәртібін» мақұлдады. Оған ҚХР Төрағасының қолы қойылып, 2007 - жылдың 1 - қаңтарынан бастап атқарыла бастады.
Мен білгенде, сол «Тәртіптің» 13 - тармағында шетелге шығу үшін Төлқұжат алуға арыз берген азамат 1). ҚХР-ның азаматы емес болса; 2). Өзінің кім екендігін дәлелдей алмаса; 3). Құжат алу барысында жалған документ жасап, алаяқтық істесе; 4). Сотталып, жазасын өтеуде болса; 5). Соттың толық шешімі шықпаған істі болса; 6). Қылмыстық іске қатысы бар деп, жауапқа тартылған күмәнді адам болса; 7). Мемлекттік құзырлы мекемелерде қызмет атқарған, шетелге шыққан соң мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді, зор залал келтіреді деп есептелген тұлға болса, оған шетелге шығуға Төлқұжат берілмейді деп ашық жазылған.
Сонымен бірге, 1980 - жылы, 10 - қыркүйекте ҚХР Бүкіл мемлекеттік 5 - кезекті Халық құрылтайының 3 - жалпы мәжілісінде қабылданған «Қытай Халық Республикасың Азаматтық туралы» Заңынының 9 - тармағында: «Шетелге қоныстанған ҚХР азаматы өз еркімен шетел азаматтығын қабылдаса, сол күннен бастап, ҚХР азаматтығынан автоматты түрде шыққан болып есептеледі» - деп бекітті.
Соңғы жылдары аздаған өзгертулер мен толықтырулар болса, болған шығар, бұл «Тәртіп» пен Заң түбегейлі өзгерді деп естімедім. Демек, бұл екі Заң Қытай азаматтарының шетелдерге еркін шығуына, сол елде тұрақты тіркеуге тұруға, шетел азаматтығын қабылдауға кең, тиімді жол ашты.
Соның нәтижесінде Қытай азаматтары арысы АҚШ - тан бастап, біздің Қазақстаға дейінгі әлем елдеріне көптеп қоныстана бастады...
Ал, тұрақты тіркеуге тұру үшін біздің Қазақстан Республикасына көшіп келген қазақтардан Көші - қон полициясы талап етіп отырған «Келген елінің рұқсат қағазы /келу парағы/ немесе ҚР - на тұрғылықты келуі жайлы рұқсат қағаз» және «Талап қағаз сотталғандығы жайлы және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы жайлы» (фото көшірмесі жоғарыда берілді) екі анықтаманы Сіздердің Ел шетелге шығатын азаматтарына мүлде бермейді.
Өйткені, ол жоғарыда аталған Заң мен Тәртіпте ерте - жарықта шешіліп қойған. Қысқасы, шетелде жүрген Қытай азаматтары келерден бұрын еш жерде сотталмаған және қайда қоныстанамын десе сонда қоныстануға ерікті жандар.
Сонда, жыл басынан бері Сіздің осында тұрақты тұрғысы келетін Қытай азаматтарына мына орысша жазылған «СПРАВКА» - ны (фото көшірмесі жоғарыда қоса берілді) не үшін, неге негіздеп беріп отырғаныңызды мен түсінбедім?! Тағы бір таңғалғаным, бұдан бұрынғы Елшілер бұндай келісім берумен айналысқан емес...
Өз Еліңізде заңмен баяғыда шешіліп қойған мәселені шетелге Елші боп келіп қайта жаңғыртуыңыз, – шынында, басы артық жұмыс!
Шындығына келсек, шетел азаматтарын тұрақты тіркеуге тұрғызу – тұрғызбау мәселесін Елшіліктер емес, Қзақстан Үкіметі өзі шешетін шаруа еді!
Құрметті Юйчэн мырза!
Дэн Сяопин жолдас айтса, айтқандай, Қытай, шынында, үшінші дүниежүзі еліне жатады. Оның азаматтарын құжаттандыру жүйесі Батысқа да, бұрынғы Кеңес Одағына да ұқсамайды. Өте тиімді.
Сондықтан, елді әбігерге салмай, басы артық «СПРАВКА» беруді тоқтатуыңызды сұраймын!
Есесіне, жоғарыда мен айтқан Заң - Тәртіптеріңіз туралы біздің құзырлы мекемелерге, «www.abai.kz ақпараттық порталына» жазбаша тұрде түсініктеме беріп, мұндай «СПРАВКА» - ның қажетсіз екенін мәлімдеңіз. Сөйтіп қағазбастылықты көбейтпегеніңіз дұрыс.
Екі ел арасында атқарып отырған депломатиялық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Ауыт Мұқибек
26.02.2014
Астана
Abai.kz