Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5481 0 пікір 28 Ақпан, 2014 сағат 15:48

Янукович: Украина болашағы үшін күресімді жалғастырамын

Украина президенттігінен тайдырылып, іле өз елінен қашып кеткен Виктор Янукович Ресейді паналағаны белгілі болып еді. Януковичтен кейін Украинада жаңа үкімет жасақталып, ел билігін уақытша Жоғарғы Рада төрағасы атқарып отыр. Ресей болса, Украинаға ашық арандатушылық әрекет жасап, басқыншылық пиғылдағы дойыр озбырлық көрсетуде.

28 ақпан күні  Виктор Янукович Ресейдің Ростов қаласында биліктен кеткен кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Янукович бірден: «Украина болашағы үшін күресті жалғастырамын. Мен ешкім биліктен тайдырған жоқ. Жеке басымның және жақындарымның қауіпсіздігі үшін Украинадан кетуге мәжбүр болдым. Өздеріңіз білетіндей, билікті ұлтшыл, фашистік пиғылдағылар басып алды. Олар Украинадағы өте аз санды адамдар», - деді. Осылайша, Янукович әлі де болса, өзін Украина президенті санап отыр. Ол қазіргі Украина үкіметін және 25 мамырға белгіленген президент сайлауын заңсыз деп танитынын айтты.

Естеріңізде болса, Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев та биліктен кеткен соң, Ресейді паналаған еді. Міне, Януковичті де Ресей өз қанатының астына алды.

Фейсбук әлеуметтік желісінде Януковичтің баспасөз мәслихатында айтқан сөздері қызу талқыланды. Біз саясаттанушы Әміржан Қосановтың өз парақшасында жазған ойын сол қалпында беруді жөн көрдік.

Әміржан Қосанов, саясаттанушы:

Әрине, Конституцияға және 21 ақпандағы келісімге сүйенген сөздерінде жан жоқ емес. Парламенттің өкілеттігін арттыру туралы да сөздері орынды сияқты. Бірақ осынау саяси кеңдікті ол Майданның о басында басшылыққа алуы керек еді. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды...
"Туыстарыма қауіп төнген соң кетіп қалдым" дейді. Олай болса, сол туыстарын қауіпсіз жерге жіберіп, ал өзі сол Майданның алдына шығып, ағынан жарылуы керек еді! "Өзім өлсем де, өз халқыма қарсы қару жұмсамаймын!" деп ашық жариялауы қажет еді. Нағыз саясаткер солай істер еді.
Енді болса, бар кінәні басқаларға, соның ішінде ұлтшыл күштерге, артып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуге тырысты.
Тәуелсіз елдің атынан сөйлеген боп, сөз барысында бірнеше рет басқа ел - Ресейге "ешнәрсе істемей жатыр" деп, реніш білдіріп, үміт артуы тіпті масқара! Сонда Ресей не істеу керек оның ойынша?!
Сонымен, Янукович шын мәнінде саяси өлікке айналған сияқты. Баспасөз мәслихатынан соны ұққандай болдым.

Ал, Виктор Януковичтің баспасөз мәслихатының толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963