Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1705 2 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 13:12

Украинаның «жеңіс жоспары» қандай?

Коллаж: Mezgil.kz

Батыстық басылымдар Украина президенті Зеленскийдің «жеңіс жоспары» жайлы талдауларын жариялай баптапты. Біз де бүгін осы тақырыпқа аз-кем тоқталғанды жөн санадық, - деп жазады Mezgil.kz ақпараттық порталы

УКРАИНАНЫҢ ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ ҚАНДАЙ?

«Украина президенті Владимир Зеленский Америка көшбасшысы Жо Байденге ұсынатын «жеңіс жоспарында» төрт негізгі тармақ бар», - деп жазады «The Times». Басылым атаған төрт тармақ қандай тармақтар? Онда не жазылған, қараңыз:

Әуелгісі – Батыс тарапынан Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру;

Онан соң – НАТО-ға кіру кезінде өзара қорғаныс туралы пактіге балама әзірлеу;

Үшінші тармақ – Курск облысындағы Украина операциясын одан ары жалғастыру, заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесін біржақты ету;

Және соңғысы – Украинаға халықаралық қаржылық көмек беру мәселесін шешу.

Назар аударарлық мәселе: Бұл жоспарда соғыс қимылдарын уақытша тоқтату немесе оқ атуды тоқтату туралы мүлде жазылмаған. Құжатта оны жүзеге асыру мерзімі де белгіленген. Ендігі мәселе Байденнің Украина президенті әзірлеген ұсынысты қолдай ма, жоқ па, соған байланысты. Ал президент Зеленский Байденнен «Трамптың ықпалына ұшырамайтын» қауіпсіздік кепілдігін сұрамақ!

Бұған дейін Зеленский өзі ұсынған «жеңіс жоспары» бес негізгі тармақтан тұратынын айтқан болатын. «Біз егжей-тегжейлі әзірлеген «жеңіс жоспары» бес тармақтан тұрады. Төртеуі - бізге дәп бүгін қажет, біреуі - соғыстан кейін керек», - деп айтқан еді президент Зеленский.

«The Times» сарапшылары: «Осы ұсынылған бейбітшілік жоспарының Қауіпсіздік кепілдіктері туралы тармағы одақтастар арасында келіспеушілік тудыруы мүмкін. Және бұл келіспеушілік Украинаның НАТО-ға қосылу процессін тежейтін болады», - деп жазады.

ӘЛЕМДІ ЕЛЕҢДЕТКЕН «STORM SHADOW»

Сарапшылар Байден мен Зеленскийдің жолығуына ерекше назар аударып отыр. Себебі, АҚШ президенті осы кездесуде Ресей аумағындағы әскери нысандарды атқылау үшін алыс қашықтықты көздейтін қаруларға рұқсат беру туралы сөз бола ма дейді. Соның ішінде, Ұлыбританияда жасап шығарылған, бірақ қару құрамында америкалық өндірістің компоненттері бар «Storm Shadow» зымырандарын қолдануға қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі әлемдік саяси алаңда қызу талқы болуда.

Сарапшылар бұған дейін Лондон мен Вашингтон Украинаға «Storm Shadow» зымырандарымен Ресей аумағына алыс қашықтықтан соққы беруге жасырын түрде рұқсат бере алатынын болжап айтқан болатын. Бұл шешім алғаш іске асырылғанға дейін құпия сақталуы мүмкін.

Бұған дейін «Bloomberg» агенттігі Киевтің батыстық одақтастарының арасында келіссөздер жөніндегі ұстаным бойынша алшақтық туындағанын хабарлаған еді. Нақтылай айтсақ, біреулері Мәскеу тарапынан Ресейге алыстан атылатын қарумен соққы жасауға салынған шектеулерді алып тастаған жағдайда соғыс өртінің өршіп кетуінен қорқып, бәрін бұрынғысынша қалуын «жақтайды», басқалары болса, өз кезегінде келіссөздерге мерзімінен бұрын кірісуге қарсы шығып, Киевке әскери көмектің ұлғаюын қолдайды.

СОҒЫСТЫҢ ТАҒДЫРЫ ОСЫ КҮЗДЕ ШЕШІЛЕДІ!

Тақырыпқа тұздық: Осының алдында президен Зеленский: «Соғыстың тағдыры осы күзде шеліледі!», - деп мәлімдеген еді.

Президенттің айтуынша, Украина АҚШ-қа жеңіс жоспарын ұсынады. Оны алдымен президент Байден көреді, содан кейін ол АҚШ Конгресіндегі екі партияға да, президенттікке үміткерлерге де көрсетіледі. Сондай-ақ жоспар серіктес елдердің барлық басшыларына ұсынылады.

Ал Ресей тарабы ресми түрде «бейбітшілік саммитіне» қатысудан бас тартып, екі кезек мәлімдеме жасады. Әуелі Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сөйлеп: «Ресей ешқандай да «бейбітшілік саммитіне» қатыспайды», - деп сөйлесе, артынша РФ СІМ өкілі Мария Захарова да осы мәлімдемені қуаттап сөйледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048