Сәрсенбі, 6 Қараша 2024
Қылмыс 708 0 пікір 3 Қазан, 2024 сағат 16:31

Алматыда 20 адам турфирмаға алданды

Фото: Kazinform

20 алматылық турфирманың алаяқтығынан зардап шекті.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны демалыссыз қалды. Олар туристік агенттікке сеніп, тур ақысын алдын ала төлеп қойған.

«Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 жастағы директорын ұстады. Алдаудың барлық эпизодтары бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1092
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1868
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1845