Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5566 0 пікір 17 Наурыз, 2014 сағат 03:37

Бейсен Ахметұлы. Қырым Референдумы – саяси ойын

Референдум нені түсіндіреді?

 2014 жылы 16 наурызда Қырым Референдумы өтті. Бұл оқиғаны «қалай болмасын Қырым халқы  өз таңдауын жасады» деп қабылдайық. Ресей қандастары мен Украин халқының көмегіне сүйене отырып, Қара теңіздегі ең маңызды екі территоряны қолына алды. Атап айтқанда, Қырым Республикасы мен Севастополь сынды екі маңызды аймақ осылайша  РФ құрамына енді.

Бұл процесті тоқтатуға жалпы Қырым халқының 13 пайызын құрайтын  татарлардың да, 25 пайыз украиндердің де шамасы келмеді. Тіптен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауыпсіздік Кеңесі де ештеңе істей алмады. 15 наурызда, Ресей өзінің  Қауыпсіздік Кеңесінде Вета қоюға құзыреттілігін пайдалана отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауыпсіздік кеңесі дайындаған Қаулыға тойтарыс берген болатын.  Қаулыны 11 ел қолдап, 1 ел қалыс қалды. Әрине Қырым мәселесінде артын ойлаған Қытай өзін салмақты көрсетемін деп, ішіндегі қорқынышын жасыра алмады. Онсызда тибеттер мен ұйғырлардың анда-санда бұрық еткізетін сепаратистік қимылдары «көлеңкесінен үрейленетін»  хансу билігінің жүрегін ауыртып жүр.  Неге ауыртпасын, өйткені тибет пен ұйғыр да күндердің бір күнінде осылай «референдум арқылы өз таңдауларын жасауға» құқылы ғой. Сондықтан үнсіз қалды.

Референдум нені түсіндіреді?

 2014 жылы 16 наурызда Қырым Референдумы өтті. Бұл оқиғаны «қалай болмасын Қырым халқы  өз таңдауын жасады» деп қабылдайық. Ресей қандастары мен Украин халқының көмегіне сүйене отырып, Қара теңіздегі ең маңызды екі территоряны қолына алды. Атап айтқанда, Қырым Республикасы мен Севастополь сынды екі маңызды аймақ осылайша  РФ құрамына енді.

Бұл процесті тоқтатуға жалпы Қырым халқының 13 пайызын құрайтын  татарлардың да, 25 пайыз украиндердің де шамасы келмеді. Тіптен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауыпсіздік Кеңесі де ештеңе істей алмады. 15 наурызда, Ресей өзінің  Қауыпсіздік Кеңесінде Вета қоюға құзыреттілігін пайдалана отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауыпсіздік кеңесі дайындаған Қаулыға тойтарыс берген болатын.  Қаулыны 11 ел қолдап, 1 ел қалыс қалды. Әрине Қырым мәселесінде артын ойлаған Қытай өзін салмақты көрсетемін деп, ішіндегі қорқынышын жасыра алмады. Онсызда тибеттер мен ұйғырлардың анда-санда бұрық еткізетін сепаратистік қимылдары «көлеңкесінен үрейленетін»  хансу билігінің жүрегін ауыртып жүр.  Неге ауыртпасын, өйткені тибет пен ұйғыр да күндердің бір күнінде осылай «референдум арқылы өз таңдауларын жасауға» құқылы ғой. Сондықтан үнсіз қалды.

Ал АҚШ бастаған демократияшыл елдердің  осындай шулы оқиғаларды өз мүдделері үшін мықтап пайдаланатыны ешкімге жасырын емес. Либия мен Ираққа, Мысыр мен Ауғанстанға  демократия «діңгегін» мықтап қағып, сағат сайын жарылыс болатын «бейбітшілік» орнатып, жұрттың рахметін алып жатқаны белгілі.

Украина болса Қырымды қойып, Шығыстағы бірнеше облыстарынан да айырылып қалуға таяап қалды.  Ниеттері дұрыс болса да, азғантай ұлтшыл саяси топ пен   билікке жетуді мақсат еткен жалған ұлтшылдары  ақыры Украин елін трагедияға айналдырды.  Қырым мен Севастопольдің жалпы халықтық реферандумы енді Харьков, Донецк қатарлы орыс тілді аймақтарда да жалғасатыны белгілі болды. Ал әлгі мемлекетті, ұлтты құтқарушы евромайданшылар мен жаңа биліктің шамасы Киев қаласына да жетпей отыр.  Сонымен жаңа биліктен түңілген орыстармен қатар  украиндердің де бүйрегі бұрыңғы көкелеріне қарай бұрылып барады.  Ұлт мүддесі үшін бүрынғы билікпен ымыраласуға да саналары жетпеді.  Бар болған жақсы жағы – 450 жылдан артық орыстың қасынан табылып, бір-біріне сіңісіп кеткен украиндердің ұлттық санасын оятып, өздерінің орыстан басқа ұлт екендерін түсіндірді. Орыстың ешқашан аямайтын  жау ел екенін де бек ұғынды.

Қазақстан үшін бұл үлкен сабақ болды. Украина атом қаруынан өз еркімен бас тартқан ел. Енді сол кездегі халықаралық келісім бойынша, БҰҰ қауыпсіздік кеңесінің міндеттерін мойындарына алған мемлекеттер   қарап отырмауы  керек. АҚШ келмесе, Украинаны Ресей жаулап алады. АҚШ 1994 жылы   Украинаны қорғау жөнінде өзіне міндеттеме алып қойған. Естеріңізге сала кетейік,   ядролық қаруды таратпау туралы қауіпсіздікті көздейтін Будапешт меморандумы Украина, Ресей, Америка және Ұлыбританияның мақұлдауымен 1994 жылдың желтоқсан айында қабылданды.  Меморандум мен басқада дипломатиялық құжаттарға сәйкес, бұл елдер  аумақтық тұтастық пен саяси тәуелсіздікке қол сұқпауға және күш қолданбауға, мәжбүрлемеуге уәде берген. Бұл Қазақстанның да басындағы ұлы жеңіс саналған «кепілдік» болатын. Енді қайдағы бір халықаралық конвенциялар мен ұйымдарға  құмар, аты таудай «кепілдіктерге» бай Қазақстан билігі осындай  орындамайтын міндеттемелерге  ие болу үшін   халқын құрбан етуге дейін баратын «ақкөңіл әм қонақжайлығын» доғаруы керек екенін түсініп жатқан шығар.

Мұнан да маңыздысы – Қазақстандағы тіл мен ұлттық ынтымақ туралы және қандастардың отанға оралуы туралы Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығына жұрттың көзі жетті.  Деседе  қандастар мәселесі белгісіз қара мысықтың кесірінен кедергіге ұшырап тұр: атқарушы биліктегі құзіретті орындар жылы тақтары мен майлы жіліктерінің қамы үшін ұлттық мүддені «сауда-саттыққа» айналдырғаны есі бар елді қатты қынжылтуда. Тіптен «Оралман мәселесі» десе депутаттар да ат-тондарын ала қашып қорқады. Сонда бұл президент пен үкіметті, парламентті қорқытып отырған мықты кім болғаны деген заңды сұрақ туады.  Нұрсұлтан ағамыздың  сара саясатының жолын кескен әзәзілдің кім екндігін көре жатармыз.  Міне, сол қаскөй – Ресей, АҚШ сынды жалған кепілдік бергіш алпауыт суайттардың бірі  болмасына кім кепіл?

Қырым мәселесінде  Ресей  қалай болмасын мақсатына жетті.  Путиннің бұл ерлгі орыстардың мақтанышына айналып,   Ресей  халқының рухын аспандатты. Басқа елдерде басы қосылмай жүрген орыстардың  бірігуіне себеп болды. Орыстық шовинистік саясат пен таным «Орыс тілді этникалық аймақтың» шекарасына кіретін Қазақстан сынды елдерді састырды. Онан да маңыздысы, Украин сияқты славян халықтарын өздеріне сіңірудің жаңа саясатының жемісті атқарылуына түрткі болды. Енді осындай «ұлы, қуатты, алып орыс» елінің азаматы атану, орысқа сіңу – санасы құлданған тобырлардың армандарына айналады әрі олардың  Ресейге оралып азаматтық алуы мен сіңуіне мемлекеттік дәрежеде мүмкіндік жасалады.   Ресей  осылайша жан санының аздық мәселесін бір жолата шешудің  жолын қарастыруда. Жерге ие болды, адам ресурстарына ие болды, өз халқы арасында саяси ұпайға, беделге, сенімге ие болды.

Орыстың ұпайы түгел,  «бір оқпен бір қоянды емес, бір топ қоян атып алған» бірден  бір елге айналды.

Қырым татарлары үшін енді жаңа бір тағдыр басталды.  Орыстар оларды бұрынғыдай саяси-құқықтық жақтан қысымға қаттырақ алмасы анық.  Енді Қырым жұрты осы жолғы орыстардың уәде еткен «саяси-құқытық кепілдемесін» орындатып, әр елде тозып жүрген қандастарының басын отандарына бұрудың қамын қарайластырулары керек. Осылайша, сандық, сапалық, құқықтық  мәселелер бойынша ұпайларын түгендеулері керек. Орысқа украиндер мен Батыс елдерінің жақын болашақта  шамасы келмейтіні анық.  Себебі, Еуроодақ 650 миллиард долларлық сауда серігі мен мұнай-газ қамбасынан айрылып, бастарына бәле тілемейді.   Қазақстан мен Әзербайжанның оларға көмектескенді қойып, өз күндерін күйттеп алғандары дұрыс. Түркияның да мүмкіндігі шектеулі.

Сондықтан Қырымдағы елдің азаматтары алып империямен алысамын деп аз халқын тоздырып алмаудың қамын ойлауы  тиіс.  Шығыс Түркістан ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Оспан Сіләмұлының  сөзімен айтқанда «Ұлты үшін сайтанмен де одақ болуға барулары» керек. 

Барлық туысқандарыма айтарым, саясатқа эмоция емес, шындықтың көзімен қарауларыңызды сұраймын!

 

Қырым неге  Тәуелсіздік жарияламады?

  1. Қырымдағы орыстар тегіне тартса, санасы құлданған татарлар мен украиндер бұрынғы көкелерін көкседі. Бұл Орыстың ойынын жеңіске жетеледі.
  2. Басына іс түскен халыққа қормал боп көрінген Ресей  6 миллиард долларға Қырым халқы мен билігін сатып алды.
  3. Әскери қысым мен саяси-экономикалық қысым арқылы тәуелсіздікке ұмтылған елдің саяси шешімін тікелей өз қолдарымен жасады. Тіптен, Қырым Автономиялы республикасының Үкімет пен жоғарғы кеңесін басып алып, өз адамдарын қойды және олардың қауыпсіздігін жоғары деңгейде қорғады.  
  4. 2008 жылғы Гүржістан тәсілін жетілдіре қолданып, тәуелсіздікке жібермей бірден өзіне қосты.
  5. Қырым референдумы  Қырым татарларын орыстардың құшағына кіруге итермейледі.   Өйткені, халықаралық қауымдастық үшін  Қырым жеке тәуелсіздікке жете қалса, Түркі елдерінің ықпалы күшейіп кетуі де мүмкін. Себебі, тарихи иелерінің ноғай-татарлар екені орыстар үшін үлкен қорқыныш болатын.
  6. Орыс пен Украинаның қосылғандығының 400 жылдығының құрметіне Украинаға 1946 жылы сыйға тартылғанын ескерсек, қайтарып алуға Ресейдің азды-көпті сылтауы бар.
  7. Қырым – өте маңызды стратегиялық аймақ. Әсіресе орыстың аты шулы «Қара теңіз флотының» орналасқан жері. Әскери маңызды аймақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963