Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1203 0 пікір 6 Қазан, 2024 сағат 10:39

Елімізде АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр (толықтырылады)

Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: informburo.kz. zakon.kz, sputnik.kz, Азаттық раидосынан алынды.

Бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Ел аумағында 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылды.

Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Бүлетенде: «Сіз Қазақстанда Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген жалғыз сұрақ жазылған. Жауап нұсқалары екеу: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Қазақстанда 12 млн 244 мың 683 адам дауыс бере алады. Дауыс беру учаскелері Қазақстаннан бөлек, шет мемлекеттерде де ашылды. Алғаш болып Корей мен Жапонияда дауыс беру учаскелері ашылса, ең соңғы болып АҚШ пен Канадада ашылады.

Қазірге дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Президент кеңесшісі Ерлан Қариннің, Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен өзге де үкімет мүшелерінің дауыс бергені БАҚ-та жарияланды.

Президент «АЭС-ті кім салуы мүмкін» деген сұраққа: «Бұл күрделі сұрақ. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөз жүргізуі керек. Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасым – Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Әрі қарай өмір өзі көрсетеді», - деді (Азаттық радиосы).

Егер электораттың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өтті деп есептеледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236