Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Әлеумет 4747 0 пікір 15 Қазан, 2024 сағат 16:57

Мәжіліс спикері Ашхабадта Орталық Азия және Корея елдерінің парламентшілері форумына қатысты

Түрікменстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағаларының екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан депутаттары делегациясы қатысты. Парламент басшыларының кездесуі «Бейбітшілік, өркендеу және өзара сенім жолындағы серіктестік» атты пленарлық сессиядан басталды.

Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі жаһандық климаттық және демографиялық сын-қатерлердің белең алуы, қақтығыстардың ушығуы, мемлекеттер арасындағы шиеленістер мен сенімсіздіктің өршуі жағдайында ұсынылған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

қатар Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының тұңғыш парламенттік форумы елдеріміз үшін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жұмыс алаңына айналғанын атап өтті. Мәжіліс спикері әріптестерін өңірдің био және экожүйесін сақтау, климат өзгеруі мәселесін шешу, сонымен бірге су қауіпсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күш-жігерді біріктіруге шақырды.

Ол Орталық Азия елдерінің су-энергетика консорциумын құру және 2026 жылы елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Өңірлік климаттық саммит туралы Қазақстан бастамасының өзектілігіне назар аударды. Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағалары форумының қорытындысы бойынша бірлескен Декларация қабылданды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963