Сәрсенбі, 16 Қазан 2024
Қоғам 64 0 пікір 16 Қазан, 2024 сағат 21:13

СҚО: Республикалық ақпараттық -түсіндіру тобы жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 23 - 27 қыркүйек аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Мұстафина Толғанай Вагизовна - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD, Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры,  Нурмагамбет Нуртас Айбекұлы – Дін істері басқармасының бас маманы, Солтан Роза – Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы.

Түсіндіру тобының мүшелері Қарағанды облысы аумағында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ЖОО және колледж студенттері, Neet санатындағы және белсенді жастар базасында болды. Олар жастар арасында «Зайырлылық қағидаты-Қазақстан Республикасының болашағының кепілі» және «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Діндар азаматтардың зайырлы қоғамдағы орны» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Зайырлық – мемлекеттің рухани тірегі», «Діни экстремизм мен терроризм көріністері» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, жас мұғалімдер, әскери қызметкерлер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар  мен жаттықтырушылар,  колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.

 

Abai.kz

 

0 пікір