Бейсенбі, 17 Қазан 2024
Жаңалықтар 128 1 пікір 16 Қазан, 2024 сағат 21:22

Прокурор анонимді Telegram арнасының авторын 5 жылға соттауды сұрады

Фото: Құқықтық медиа орталығы

Бүгін  елордада Данияр Әділбековке қатысты  сот отырысы өтті. Сотта прокурор Данияр Әділбековті 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазды Ulys.kz

Істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты жүргізіп жатыр. Сот барысында прокурор Данияр Қайдаров Әділбековке 2 бап бойынша кінәлі деп тануды өтінді.

Оған «Көрінеу жалған сөз жеткізу» (419-бап 3-бөлігі), «Көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-бап 2-бөлігібаптары бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар прокурор іс бойынша айыпталған тағы бір күдікті Ерлан Сәудегеровті 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрадыСәудегеров қылмысты ұйымдастыру және көрінеу жалған жала жабу баптары бойынша айыпталуда.

Айыптау тарабы Әділбековті энергетика вице-министрі Ақкенженовке қарсы әдейі жалған ақпарат бергені, сондай-ақ журналист Гүлжан Ерғалиев және Астанадағы әуежайдың топ-менеджері Юсуф Альжавдер туралы Telegram-арнасы «Дикая орда» арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп айтуда.

Алайда сотталушылар өз кінәсын мойындамаған жоқ.

Айта кетеск, Данияр Әділбеков 27 наурызда ұсталып, қамауға алынған. Сот тамызда басталған.

Abai.kz

1 пікір