Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1005 2 пікір 17 Қазан, 2024 сағат 15:22

Президент: Инвесторларға қолайлы жағдай жасаймыз!

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында орта державалардың БҰҰ мәртебесін нығайту және мультилатерализм қағидаттарын ілгерілету процесіндегі рөлі жайында сұрақ қойылды.

— Әлбетте, әлгінде баяндамамда біз мультилатерализмнің жақтаушысы екенімізді айттым. Біз әлем қазір де, болашақта да, ең алдымен, БҰҰ Жарғысында көрсетілген қағидаттарға негізделуге тиіс екеніне сенімдіміз. Біз БҰҰ Жарғысын ұстануымыз керек. Ешкімге оны бұзуға құқық берілмеген. Өйткені оның баламасы жоқ. БҰҰ Жарғысы – қазіргі халықаралық жүйенің тірегі. Бәлкім, БҰҰ-ның рөліне қатысты қандай да бір көңіл толмаушылық бар шығар, сын да айтылар. Бірақ бізге күш-жігер біріктіріп, соғыс, қақтығыс атаулыны тоқтатып, керісінше, диалог пен бейбітшілік жолына түсу қажет.

Қазақстан туралы айтар болсақ, реформаларды жалғастырып, көздеген стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін бейбіт жағдайда даму біз үшін аса маңызды. Қазір біздің алдымызда еліміздің саяси-экономикалық әлеуетін арттыруға қатысты ауқымды міндет тұр. Сондықтан біз бейбітшілікті жақтаймыз. Бұл ретте көпжақты ынтымақтастық жасап отырған дүние жүзіндегі серіктестерімізге ризашылық білдіреміз. Қазақстан – халықаралық нарыққа ашық ел. Біз шетелден тікелей инвестиция тартқымыз келеді. Бұл туралы жаңа айттым. Сол үшін Қазақстанда қызмет істегісі келетін инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы өз жауабында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320