Молдова кімді таңдайды: Еуропа ма, Ресей ме?
Жексенбі күні Молдовада «президенттік сайлаумен» қатар, Еуропалық одаққы қосылу туралы референдум қатар өтті. Бүгін соның нәтижелеріне аз-кем тоқталғанды жөн санадық.
Украина, Грузиямен бірге Еуропалық одаққа ресми шақырту алған Молдова жалпыхалықтық референдум өткізіп, дауыс санап жатыр. Қазірге дейін 98 пайыз бүлетен саналып біткен.
Бүлетенде: «Молдова Республикасын Еуропалық Одаққа қосу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайсыз ба?» деген сұрақ болған. «Иә» немесе «Жоқ» деген екі жауап қана болған.
Аралық есеп бойынша: Электораттың 50,28 пайызы еуроинтеграцияны қолдап дауыс берсе, 49,72 пайызы ЕО-ға мүше болуға қарсы дауыс берген.
ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ: САНДУ МЕН СТОЯНОГЛО ЕРЕГЕСІ
Айтпақшы, Молдовада референдуммен қатар президенттік сайлау қатар өтті. ҚАЗІРГІ ПРЕЗИДЕНТ Мая Санду бүлетен саны бойынша жеңіске жетті. Ол 37 пайыздан аса дауыс жинады. Ал оның басты қарсыласы Александр Стояногло 29 пайыз дауыс жинаған.
Осылайша, Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтетін болды. Онда қазіргі президент Мая Санду мен бұрынғы бас прокурор Стояногло бақ сынаспақ.
Abai.kz