ҚТЖ: Есепте бар, жұмыста жоқ адамдар айлық алған
"Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ” ҚТЖ) филиалында кадрлық есепте бар, бірақ жұмыста жоқ адамдар айлық алып келген.
"Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
ҚТЖ тексеру комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ "ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің ресми еңбек қызметінде болмаған фактілерін анықтады. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген.
Деректерге қарағанда, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын келтірілгені анықталған.
Филиал басшысының тапсырмасы бойынша өтірік жұмыспен қамтылған адамдардың жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны атап көрсетіледі. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылған.
Abai.kz