Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 1174 1 пікір 21 Қазан, 2024 сағат 14:47

Бразилия президенті БРИКС саммитіне бармайды!

Фото: AP Photo / Eraldo Peres

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва 22-24 қазанда Ресейдің Қазан қаласында өткелі отырған БРИКС саммитіне бармайды

BBC агенттігінің жазуынша, ол саммитке онлайн қатысады. Бразилия президентінің аппараты Лула да Силва резиденциясында құлап, желке тұсын ауыртып алды деп хабарлады.

Аурухана берді деген анықтамада 78 жастағы президент өз міндетін орындай алады деп жазылған, алайда алыс жаққа ұшуды уақытша қоя тұруды ұсынған.

18 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Бразилияда қарашада өтетін G20 саммитіне бармайтынын растаған. Бразилия – Путинді тұтқындауға ордер берген Халықаралық қылмыстық сотқа мүше ел, Ресей президенті өзі қабылдаған шешімге бұл ордер себеп емес деп мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1441
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5181