Жексенбі, 4 Қазан 2026
Жаңалықтар 2544 3 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 16:08

Нұртай Әбіқаев қызметінен алынды

Сурет kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Қазақстан волейбол федерациясында басшы ауысты. Бұған дейін федерацияда 26 жыл бойы президент лауазымын атқарып келген 77 жастағы Нұртай Әбіқаев ақыры орнын босатты.

Федерацияның есептік-сайлау конференциясында 2028 жылға дейін федерация тізгінін ұстайтын адам анықталды. Негізі бұл сайлауға үш үміткер қатысты:

  1. Амандық Баталов;
  2. Мәди Такиев;
  3. Бақытжан Байтөреев.

Сайлау нәтижесінде басым дауыспен қаржы министрі Мәди Такиев федерация президенті болып сайланды.

Нұртай Әбіқаев  Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі саналады. Ол еңбек өтілінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Президент Әкімшілігін басқарды, Сенат депутаты болды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 653
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 920